Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға сенім мол - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға сенім мол

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов «Жетістігі мол жастар – мемлекет дамуының кепілі» форумына қатысып, сөз сөйлеп, жастарды барлық игі істерде  белсенді болуға шақырды.

  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара «Достар» мәдениет сарайында өткізілді. Оған  жас мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының жетекшілері мен оқуда озат, белсенді студент жастар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін саралай келе, ел болашағы кейінгі ұрпақтың қолында екендігіне тоқталды.
Осынау маңызды міндет үдесінен көріну үшін жастар жат ағымдардың, экстремистік әрекеттердің жетегінде кетпей, білім мен ғылым жолына түсіп, адал еңбек етулері қажет.

Өзін-өзі дамытамын, елдің игілігіне үлес қосамын деген жастарға қазір барлық мүмкіндік бар. «Болашақ», «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламалары соның айқын  дәлелі.
Өткен жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе, биылғы жылы «Жастар саясаты» тұжырымдамасының екінші кезеңі жүзеге асырылғалы отыр. Мұның бәрі өскелең ұрпаққа мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық. Олай болса, жастар осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға ұмтылулары керек. Сөзінің соңында Нұрлан Нұркенов жастар ұйымдары жетекшілерінің, жастар саясатымен айналысатын тиісті мекемелердің алдына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, әскери-патриоттық тәрбие беру ісі жоғары деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Жастар саясатын жүргізуде озық тәжірибелерге сүйенбей, аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа бармай болмайды.
Форумда соғыс және еңбек ардагері Елдес Қоңыров сөз сөйлеп, жастарға ақ жол тілесе,  Қазақстан жастары  конгресінің төрағасы Айдын Сәбитов өз жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау  педагогикалық колледжінің студенті Арман Ермахан мен «Ділмар» дебат клубының президенті Равиль Загайдуллиннің  бүгінгі жастардың қандай болуы қажеттігі туралы тебірене сөйлеген сөздері де көпшілікті бір серпілтіп тастады. Форумда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова, Бурабай аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Бибігүл Тіржанова, тағы бір топ белсенді жастарға облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаттары табыс етілді.  

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар