Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күмбірлете күй тартып... - АРҚА АЖАРЫ

Күмбірлете күй тартып…

«Көкшетау» мәдениет сарайында «Көркемтау» домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеде 5-25 жас аралығындағы жиырма төрт жеткіншек өнерге баулынуда.

  – Халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Баланы кішкентайынан өнерге баулу маңызды міндет. Біреу ән айтуды ұнатса, енді бірі билегенді жақсы көреді.  Кешегі Қорқыт, Кетбұғадан бастау алатын күй өнері жастардың қызығушылығын  туғызып,  «Көркемтау» ансамблі сол себептен құрылған еді – дейді үйірме жетекшісі Әсия Уәлиева.
Жас күйшілер қазір жиырмадан астам күйді домбырада еркін ойнайды. Қалалық, облыстық байқауларға жиі қатысады. Жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, облыстық «Күмбірле домбыра, шырқа сырнай» және Абылай ханның 300 жылдығына арналған күйшілер байқауында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындап, лауреат атанған болатын.
– Ансамблімізге бес жасынан бастап өзге ұлт өкілі Лихосад Коля келіп жүр. Ол балаға күй үйрету үшін алдымен, оның анасын домбыраға үйреттім. Кейін сахнаға екеуі бірге шығатын болды, – дейді үйірме жетекшісі.
Жас өнер ұжымы қазір алдағы уақытта өтетін кезекті көркемөнерпаздар байқауына дайындалуда. Бізді үйірме мүшелері Б.Әбеновтың «Желдірме» күйін орындап, шығарып салды. Өнерлі өрендер, биіктен көріне беріңдер!

Ақынбай СӘРСЕНБИ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар