Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайлықтар ісінде серпіліс бар - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайлықтар ісінде серпіліс бар

 Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты және аудан ак-тивінде  Елбасы Жолдауы-нан туындайтын жаңа міндеттерді белгіледі.

  Облыс басшысының жұмыс сапары Кенесары ауылындағы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепті көруден бас-талды. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепте бүгінде 246 бала тәлім-тәрбие алуда. Екі қабатты мектеп ғимаратына 2001 жылы күрделі жөндеу жүргізілген екен. Сол уақытта аймақты басқарған Сергей Кулагин еліміздің экономикалық жағдайы ауыр болған қиын қыстау кезеңде қаржы тауып, мектепке күрделі жөндеу жүргізілгендігін,  араға он төрт жыл салып келіп отырғанын айта келе, жайлы, жылы мектепте білім алу үшін барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті. Мектеп орталықтанған су жүйесіне қосылған, өз қазандығы бар. Балалар бір мезгіл ыстық тамақпен тегін қамтылған.
Бұдан кейін аймақ басшысы ұзақ жылдардан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан  Серік Омаровтың шаруа қожалығына ат басын тіреді. Егіншілікпен қоса мал шаруашылығын қатар жүргізіп келе жатқан фермер отыздан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы шаруа қожалығы 4,5 тонна ет, 350 тонна сүт және 780 тонна көкөніс өндірген. Қазіргі күні шаруа қожалығының меншігінде  480 бас қой, жылқы және сиыр бар. Жұмысшылардың  орташа жалақысы 73,5  теңгеден айналады.  
Облыс әкімі өткен жылы көктемде ашылған «Бота 2015» серіктестігінің жұмысымен танысып, атқарылып жатқан шаруаларға  оң бағасын берді. Өсімдік майын шығаратын кәсіпорын шет елдік жаңа құрылғылармен жұмыс істейді. Тәулігіне 200  тоннадай өнім шығарылады. Кәсіпорын өнімдеріне деген сұраныс та жоғары. Ішкі рынокпен бірге шет елге, атап айтқанда Қытайға өнім шығарады. Өткен жылғы жұмысқа кіріскен мамыр айынан бастап желтоқсанға дейін жұмыс ғимаратын жаңғыртып, құрылғылар алуға 140 миллион теңге көлемінде инвестиция салынған. Газбетон блоктарын шығарумен айналысатын «Пром-ЭнергоНаладка» серіктестігі жергілікті құрылыс компанияларын сапалы құрылыс материалымен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сонау 2012 жылдан бастап құрылыс саласында жұмыс істеп келе жатқан серіктестік өткен жылы газбетон блоктарын шығаруды қолға алған екен. Қазір кәсіпорынның өндірістік желісі тәулігіне 80 текше метр сапалы құрылыс материалын шығарады. Мұндағы жұмыстардың бәрі автоматтандырылған.
Облыс басшысы «Medicus» медициналық орталығының жұмысымен танысып, қазіргі заманғы талапқа сай қызмет көрсетудің маңыздылығына назар аударды. Күніне екі жүзден астам адамды қабылдай алатын орталық  жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұндағы дәрігерлердің жалақысы
120 мың теңгенің үстінде.
Ауданды ғана емес, облыстың басқа да өңірлерін және Елорданы сапалы ет-шұжық өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «ОСКО ет өңдеу кешені» серіктестігінде алпысқа тарта адам еңбек етуде. Тәулігіне төрт тоннадай ет-шұжық өнімдерін шығарады. Өткен бір жылдың ішінде кәсіпорын 399 миллион 338 мың теңгенің өнімін өндірген.
«Бар жақсылық – балаға» деген сөзді биік мінберлерден жиі айтып жатсақ та, мұның бәрі өкінішке орай, кей жағдайда сөз жүзінде ғана қалып, нақты іске аспай жататыны бар. Кәсіпкер Біләл Сәкенов осыдан екі жыл бұрын миллиондаған қаржысын салып, «Ақ желкен» балалардың көңіл көтеру орталығын ашыпты. Өткен жылы ғана ол құрылғыларды жаңғырту үшін 45 миллион теңге инвестиция салған. Мұнда балаларға арналған ойын автоматтары, тренажерлар орнатылған. Сондай-ақ, бағасы қолжетімді балалар тағамын ұсынатын дәмхана да қызмет көрсетеді.
Облыс басшысы бұдан кейін жаңадан салынып, пайдалануға берілген  75 пәтерлі тұрғын үйде болып, жаңа қоныстанған отбасылардың пәтерлерін көрді.  Мұнда отыз жасқа дейінгі жас отбасылар қоныстанған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға берілетін пәтерлерде барлық жағдай жасалған.
Ауданның активі алдында аудан әкімі  Төлеген Ташмағамбетов аудандағы өткен жылғы атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады. Облыстағы іргелі аудандардың бірі саналатын Бурабай ауданы былтыр 15 миллиард 647 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірген. Аудан экономикасына он бес миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Құрылыс саласында да жақсы жұмыстар атқарылып, бір жылда 16292 шаршы метр тұрғын үй салынған.
Облыс әкімі аудандағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, іргелі ауданның әлі де игерілмей жатқан мүмкіндіктерінің мол екендігін, соларды игеруге мүмкіндік жасалса, өңірдің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің бүгінгіден де жоғары боларын айта келе, үш мәселеге жете назар аудару қажеттігін атап өтті. Ең алдымен, жаңа жобаларды іске қосу, содан кейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тұрақты жұмыс жасауына жағдай жасау және өндіріске инвестиция тарту. Сондай-ақ, жекеменшік және мемлекеттік әлеуметтік әріптестікке жете назар аударылуы қажет. Осы орайда,  шаруашылық жүргізуші субъектілерді әлеуметтік нысандарды ұстауға және салуға қатыстыруға ынталандырудың мәні зор.
Жиын соңында облыс басшысы тұрғындар тарапынан қойылған түрлі түйткілді мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.  

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар