Бірқатар халықаралық ұйым Қазақстанда өтетін сайлауға қатысатындығын қуаттады. Бұл туралы кеңесте ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова атап көрсетті.
– «Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушылары Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен ғана аккредиттеледі. Дегенмен, қазірдің өзінде бірқатар халықаралық ұйым еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сайлауға қатысатындықтарын ауызша қуаттады. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассам-блеясы, сондай-ақ, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бар. Бұл ұйымдар біздің сайлауға байқау жүргізуге ниетті екендігін білдіріп, қазіргі уақытта кандидаттарын іріктеу-де», – деді ол.
Т.Охлопкованың атап өтуінше, Қазақстан Респуб-
ликасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 18 мемлекеттің сайлау комисияларының бірінші басшыларына шақыру жіберген. Ал, еліміздің Сыртқы істер министрі 18 халықаралық ұйымға, сонымен қатар, осы ұйымдардың аясында 112 мемлекетке шақыру жөнелткен.