Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс сапарымен келді - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс сапарымен келді

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келіп, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің 2015 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді. Аталмыш шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров қатысты.

 Кеңеске облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «Қазавтожол» акционерлік қоғамы облыстық филиалының, табиғи ресурстар және  табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, «Тыныс» акционерлік қоғамының  басшылары мен ішкі істер департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы шақырылды.
Жиынды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы  Владимир Божко ашты. Өткен жылғы жұмыс қорытындысы туралы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі А.Әбдіқалықов,  аталмыш департаментке  бағынышты бөлімдердің басшылары сөз сөйледі. Шара барысында Владимир Божко Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, 2016 жылға арналған негізгі бағыттарды белгілеп берді.
Кеңестен кейін ол «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде болып, жаңадан құрылған бөлімшелерді аралап көрді. Түс ауа Көкшетау техникалық институтына барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар