Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанды көмек - АРҚА АЖАРЫ

Жанды көмек

 Аудан әкімі Андрей Никишов, аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және қала әкімімен бірге әлеуметтік жағынан аз қамтылған Валентин Дружиннің отбасында болды.

  Валентин Владимирович ІІ топтағы мүгедек, отбасында бес жан бар. Үлкен ұлы Тимофей дайындық сыныбына барып жүрсе, екі жасар кіші ұлы Павел балабақша кезегінде тұр. Жергілікті билік бірнеше мәрте көмекке мұқтаж отбасыны тегін көмірмен қамтамасыз еткен болатын, бұл жолы да құр қол келмепті.
Валентин Дружин «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысқан болатын. Аталмыш жоба азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында аз қамтылған және тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталғандығы белгілі.
– Тұрғын үйлік көмек алатын мүмкіндікке ие болғаныма разымын. Ай сайын отбасыма 11 мың теңге аламын. Уақытша жұмысқа орналас-тым,  –  дейді ол.
Аудан әкімі Андрей Никишовтың айтуы бойынша, «Өрлеу» жобасының арқасында Валентин Дружиннің екі ұлы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы алады.
Осы жолы Атбасар қаласының әкімі Нұржан Қамбатыров та өз кезегінде Дружиндер отбасының қосалқы шаруашылығын үш қоймен толықтыратындығына уәде берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар