– Біз, ауыл шаруашылығы саласы мамандары мен барлық жұмысшылары «Нұр Отан» партиясының бағдарламасында көрсетілген бастамалардың бәрін толық қолдаймыз және олардың жүзеге асырылуына өз үлесімізді қомақты етіп қосамыз.
Партияның бүгін өтіп отырған кезектен тыс съезі «Нұр Отан» партиясының еліміздің экономикасын қарқынды дамытып, халықтың әл-ауқатын жоғарылату тұрғысында көптеген игі істерге бастамашы болғандығын, бұл жұмыстардың одан әрі қарқын ала беретіндігін тағы да айқындап отыр.
Ел экономикасының дамуы-на Ақмола облысының, соның ішінде біздің Целиноград ауданы мен өзім басқаратын «Родина» шаруашылығының да қосқан үлесі аз емес. Ендігі міндет – қол жеткен табыстарды еселей отырып, астық, ет пен сүт өндіруде алдыңғы саптан көріне беру. Бұл орайда, әсіресе, сапасы әлемдік стандарттарға сай өнім шығаруға баса назар аударудамыз.
Биыл наурыз айында өтетін Парламент Мәжілісі мен әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайла-
уында айқын басымдылықпен жеңіске жетеді деп отырған «Нұр Отан» партиясы билік партиясы ретінде ғана емес, халықтық партия ретінде де ел игілігі үшін жұмысын жандандыра беретін болады.