Жергілікті балалар музыкалық мектебінің оқушысы Мария Волосевич республикалық «Өнер! Достық! Бейбітшілік!» атты халық аспаптық және ән музыкасын интерпретациялау байқауында жүлделі екінші орынды иеленді.
Сайысты Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының қолдауымен «Art-aspect» шығармашылық орталығы ұйымдастырды. Байқауға Балкашино балалар музыкалық мектебінің онға жуық оқушысы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Қорытындысында Мария Волосевич «Ұлттық аспап – аккордеон» аталымы бойынша екінші орынға лайық деп танылды. Ал, Татьяна Зенкова, Вероника Абикенова және Диас Төлегенов үшінші орынды жеңіп алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.