Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлемде беделіміз арта түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Әлемде беделіміз арта түсуде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

 

Алқа мәжілісінің негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі мекемелерінің қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды.  
Отырыста «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шет мемлекеттердің кең ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да талқыланды.
Алқа мәжілісінде Қазақстан Президенті сыртқы саясат ведомствосының алдына бірқатар жаңа міндет қойды және нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы министрліктің ширек ғасыр бұрын, ел үшін күрделі уақытта құрылғанын атап өтті.
Бүгінде республикамыз әлемнің 169 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты. Шетелде 60 елшілік пен дипломатиялық өкілдік жұмыс істейді, олар 94 елді қамтиды. Қазақстанда өзге елдер мен халықаралық ұйымдардың 50-ден астам дипломатиялық миссиялары бар. Отандық дипломатия арқылы көптеген жаһандық өлшемдегі сыртқы саяси бастамалар жүзеге асырылды. Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің орнына үміткер болып отыр. Осыған байланысты достық қарым-қатынастағы елдердің қолдауына үміт артамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті отандық дипломаттардың үлесін атап өтіп, оларға елдің Тәуелсіздігін нығайтуға, сыртқы саясатты дамытуға бағытталған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, АӨІСШК, ЕАЭО сияқты маңызды халықаралық бірлестіктердің бастамашысы болғанын айтты. Сонымен қатар, республикамызда осы ғасырда бірінші рет ЕҚЫҰ  саммитін және ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-інші сессиясы өткізілді.
Осының бәрі біздің үлесімізге тиді. Аталған іс-шараларды өткізу еліміздің атын халықаралық аренада танытты. Сонымен бірге алда тұрған міндеттердің маңызы да бұлардан кем емес. Сондықтан, атқарылған шаруаны бағалай отырып, алдағы қадамдарымыз туралы ойлану керек, – деді Мемлекет басшысы.
Алқа барысында Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов сөз сөйлеп, ведомство елдің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілетуге, Қазақстанның халықаралық беделін жүйелі түрде нығайтуға және шет ел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салуға ниетті екенін айтты.
Сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевтің, «Астана-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовтің, сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерінің баяндамалары тыңдалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар