Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұзақ жасаудың құпиясы - АРҚА АЖАРЫ

Ұзақ жасаудың құпиясы

Жер бетінде жүз және одан да артық жыл өмір сүрген ұзақ жасаушылар көп тұратын бірнеше аймақ бар. Олардың бәрі таулы жерде орналасқан. Ғалымдар ұзақ жасаушылардың дені тауда тұратындар деген тұжырым жасайды.

Окинава тұрғындарының диетасы Жапонияның Окинава тауын мекен еткендер арасында ұзақ жасаушылар саны өте көп. Әсіресе, әйелдердің ғасыр жасаса да өздерін тың, жақсы сезінетіні қайран қаларлық. Әлем ғалымдары арал тұрғындарының құпиясын анықтау мақсатында көптеген зерттеулер жүргізген.
Американдық қартаю ұлттық институтының ғалымдары Окинава тұрғындарының ұзақ жасау сырын былай түсіндіреді. Ұзақ өмір сүру себебінің 30 пайызы арал тұрғындарының геніне, ал 70 пайызы өмір сүру дәстүріне байланысты екен. Окинава тұрғындары ет жемейді, оның есесіне бұршақ тағамдарын көп тұтынады. Автокөлік деген жоқтың қасы. Адамдар жаяу жүреді немесе велосипед мінеді. Олар уақыттарының көбін бау-бақшаларында жұмыс істеуге арнайды.

Таудың шипа суы
Оңтүстік Американың Вилкабамба таулы аймағы қазір әлемдегі ең ұзақ жасаушылар көп тұратын жердің бірі болып отыр. Мұны жұрт тіпті, «Жоғалған жұмақ» деп те атайды. Жыл өткен сайын бұл өңірде тұрғысы келетіндер саны еселеп артуда.
1970-ші жылдары ғалымдар Вилкабамба өңірінде адамдардың ұзақ жасауы және денсаулықтарының мығым болуының себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізе бастаған. Американдық ғалым Уокердің «Ұзақ жасау құпиясы» кітабы шыққан соң осы өңірге деген қызығушылық арта түсті.
Ғалымдардың пікірінше, бұл аймақ тұрғындарының ұзақ жасауына таудан ағатын салқын мөлдір бұлақтардың суы себеп сияқты. Бұлақ суын ішетін жергілікті халық арасында ауру өте аз, өмір жастары ұзақ. Ал, бүгінде белең алған жүрек қан тамыр, обыр аурулары атымен жоқ.

Белсенді қимыл
Ұзақ жасаушылар көп тұратын аймақтардың тұрғындарын зерттеу барысында олардың қазір кең таралған ғылым жетістіктерін көп пайдаланбайтыны, қарапайым өмір сүретіні белгілі болған. Таулы аймақтың тұрғындары жаяу жүреді, егін, мал шаруашылығымен айналысады. Яғни, дене еңбегімен айналысып, үнемі таза ауада тыныстайды.
Тау тұрғындарының үнемі ойлы-қырлы жерлермен жүруі, табиғаттың қатаң құбылыстарына қарсы күресуі қажет болады. Жастайынан еңбекпен пісіп-қатқан тау халқы өле-өлгенше белсенді дене қимылынан қол
үзбейді.

Бір кілті –
тау ауасы
Оксфорд университетінің докторы Федерико Форменти бастаған физиолог мамандар тау тұрғындарының ұзақ жасау құпиясын зерттеп, өздерінше мынадай тұжырымға келеді. Үйренбеген адам үшін тау басындағы сирек ауа қиындық туғызады. Ауа жетпей жиі демалып, ентігіп жүру ешкімге ұнамасы анық.
Ал, тауда туып-өскен адамдар ауаның сиректігін сезінбейді. Өйткені, алғаш дүниеге келген сәби таудың сирек ауасына үйреніп, онымен тыныс алуға дағдыланады. Соның салдарынан адам ағзасының шыдамдылығы артып, өмір жасы ұзарады, дейді ғалымдар.
Кәсіби спортшылардың биік тау бас-ында жаттығатыны да осыдан болса керек. Таудың оттегіге онша бай емес ауасымен тыныс алу шыдамдылықты шыңдап, адам ағзасының жұмысын қалыпқа түсіреді екен.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар