Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты міндет – заңды сақтау - АРҚА АЖАРЫ

Басты міндет – заңды сақтау

Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменнің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының алдағы сайлауына дайындық барысы туралы брифингі болды.

Брифинг барысында сайлау науқаны басталған кезеңнен бері көптеген саяси партиялар өздерінің съездерін өткізгені, съезде партиялық тізімдерін қалыптастырып,  бекіткені атап өтілді.
Мәслихаттар депутаттығына ұсыну да белсенді жүріп жатыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2016 жылғы 4 ақпандағы таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша республика көлемінде барлығы 2865 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына  – 324 адам, аудандық мәслихаттарға –  2015 адам, қалалық мәслихаттарға – 526 адам. Ұсынылған кандидаттардың 12-сі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі, 1184-і партияда жоқ, тағы 1669-ы өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген. Округтік сайлау комиссиялары 54 кандидатты тіркеді.
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал, тіркеу  23 ақпанға дейін жүргізіледі.
Брифинг соңында Ләззат Сүлеймен: «Сайлау комиссияларының негізгі міндеті – заңды-лықты, яғни, сайлау заңнамасына және жал-пыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ және ашық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар