Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, әлеуметтік «Көк-шетау» журналының жаңа саны оқыр-мандарға жол тартты - АРҚА АЖАРЫ

Әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, әлеуметтік «Көк-шетау» журналының жаңа саны оқыр-мандарға жол тартты

 Журналдың бұл саны қазақтың ұлы ойшыл ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің бір топ өлеңдерімен бастау алып отыр.  Бұдан арғы көрікті сөз үлгісі заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсіреповтің бір топ қысқа да нұсқа әңгімелерімен жалғасын тапқан. Ғалихан Ахметовтың «Үкілі Ыбырай»  романының «Салдық шеру» деп аталатын бесінші тарауы да журнал мазмұнын айшықтай түсерлік дүние.  
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Серік Негимовтың «Мәлік Ғабдуллин майдан жылдарында» зерттеу еңбегі өзінің деректілігі әрі көркемділігімен құнды. Журналда танымал қаламгер, қазақ көсемсөзінің белді қайраткері Жомарт Әбдіхалықтың артында қалған философиялық мұраларының ішіндегі  «Жүз бір толғам, мың бір түйін» атты байыпты ой-толғамдарынан да көлемді үзінді беріліп отыр. Бұл жолы оқырмандар «Әдеби мұра» айдарынан өмірден ерте өткен талантты ақын Серік Томановтың журналдың бас редакторы Қайырбай Төреғожаның алғысөзімен берілген өршіл  өлеңдерімен қауыша алады.
Сондай-ақ, басылымның осы санындағы Есіркеп Тәжиннің «Орынсыз өкпе» әңгімесі, Кәркен Жарылғасовтың «Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай», Болат Мұстафиннің «Қазақ музыкасының бәйтерегі» әдеби мақалалары да журнал жүгін көтеріп тұр. «Таным» айдарымен берілген Сенбек Қошақановтың «От ауызды, орақ тілді Қыдырәлі ақын» эссесі оқырмандарды ұлт ауыз әдебиетінің біз біле бермейтін тағы бір көрнекті өкілінің өмірі мен шығармашылығына  бойлатуымен бағалы. «Әлем әдебиеті» айдарында Қытай еліндегі аса көрнекті қазақ қаламгері Әкбар Мәжитұлының «Бағдар» әңгімесіне орын берілсе, белгілі айтыскер ақын Баянғали Әлімжановтың «Деген екендері…» де өзінің тартымдылығы әрі тосындылығымен көп көңілінен шығарына сөз жоқ.  Журналдың орыс тіліндегі бөлімі Ғалым Бекмағамбетовтың бір топ өлеңдерімен және басылымның тұрақты авторларының бірі  Тұрсынбек Мәліковтың  жаңа әңгімесімен  ашылса, оларды Рена Жұманованың бір топ өлеңдері мен Дана Жантемірованың өмірдің өзінен алынған қысқа әңгімелері  жете  толықтыра түседі.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар