Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үйі бардың күйі бар - АРҚА АЖАРЫ

Үйі бардың күйі бар

 Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы «Жансая» тұрғын үй кешенінде жаңадан салынған 30 пәтерлі  екі тұрғын үйді тапсыру салтанатына қатысып, қуаныш иелерін баспаналы болуларымен құттықтады.

  Аталған үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынды. Көп қабатты жаңа тұрғын үйден баспаналы болып отырғандардың дені жас және көпбалалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй кезегінде тұрғандар.
– Елбасы әр Жолдауында халықты әлеуметтік қамсыздандыру бағытында баспана мәселесін шешу қажеттігіне назар аударып келеді. Осы бағытта қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар облыс аумағында байыптылықпен жүзеге асырылып, көптеген тұрғындар пәтерлі болып, қуанышқа кенелуде. Оған «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында бүгінгі жаңа пәтерлердің баспанаға мұқтаж жандарға берілуі айқын дәлел. Осы бағытта өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл да сол межеден көрінетін боламыз, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Қуаныш иелерінің арасында пәтер кезегінде ұзақ уақыт  тұрғандар да бар.
– Көптен бері армандап жүрген пәтеріме бүгін қол жеткізіп отырмын. Осынау қуанышымды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Игі істің басында жүріп, қуанышымызға ортақтасып жатқан баршаңызға алғысым шексіз, – деді жаңа пәтердің иесі Жанар Ысқақова.
Өткен жылы Көкшетау қаласында аталған бағдарлама бойынша 768 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Оның ішінде 80 жас отбасы бар. Сондай-ақ,  Ұлы Отан соғысы ардагерлері де баспанамен толық қамтамасыз етіліп отыр. Оған қоса, жаңадан ашылған Сарыарқа шағын ауданында 395 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындар баспаналы болды. Биылғы жылы 465 пәтер пайдалануға берілетін болса,  оның 90-ы жас отбасыларға тиесілі деп жоспарланып отыр.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар