Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіптің бәрі жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіптің бәрі жақсы

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов «Тегін кәсіптік-техникалық білім – сенімді болашақтың кепілі» атауымен өткен жұмысшы жастардың слетіне қатысып, сөз сөйледі.

  Облыстық филармония ғимаратында облыстық білім басқармасы және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараға жұмысшы жастар,  кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары мен шәкірттері қатысты.
–Биылғы слет Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы реформаларды жүзеге асыруға жастардың белсенді қатысуы үшін  жалпыұлттық жоба қолға алынған. Жастардың сапалы, кәсіптік-техникалық білім алуы үшін барлық жағдай жасалынған. Әсіресе, жастар үшін «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі» және «Сәтті қадам» тәрізді мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жаһандық дағдарысты еңсеру жолында 2017 жылдан бастап елімізде кәсіптік-техникалық білім тегін жүзеге асырылатын болады. Ал, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруде кәсіби кадр-ларды даярлау маңызды қадам болмақ. Қазіргі кезде облысымызда 6 мыңнан астам жас мемлекеттік тапсырыс бо-йынша тегін кәсіптік білім алуда, – деді Нұрлан Нұркенов өз сөзінде.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жанар Жүнісова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы  төрағасының орынбасары Елена Мащинская, Еңбек Даңқы орденінің иегері,  еңбек ардагері Виктор Павленко да құттықтау сөз сөйлеп,  келешек жұмысшы жастардың қолында екенін ерекше атап өтті. Шара барысында республикалық, халықаралық байқауларда өз мамандықтары бойынша топ жарған студенттердің есімдері де аталып, әспеттелді.
– Мен тігінші мамандығын таңдадым. Бала кезімнен армандаған мамандығым өзіме ұнайды.  Оқуымды тәмамдаған соң осы салада жұмыс істейтін боламын. Әсіресе,  біз сияқты жастарды 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатыны қуантып отыр, – дейді Көкшетау қалалық №1  сервистік техникалық колледжінің студенті Ксения Ершова.
Сондай-ақ, шарада «Шеберлер қаласы» атты көрме ұйымдастырылып, жұмысшы жастардың шығармашылық әлеуеті сараланды. Шара соңында барлық қатысушылар облыс жастарына үндеу жолдады.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар