Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыста дайындық ойдағыдай - АРҚА АЖАРЫ

Облыста дайындық ойдағыдай

Облыстық әкімдікте Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың  депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Аталмыш шараға облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, облыстық прокуратура мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес жұмысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов ашып, жүргізіп отырды.
Саяси маңызы зор науқанға дайындық Мемлекет басшысының Жарлығына, Орталық сайлау комиссиясының қаулысына және бекіткен негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілуде. Өңірде сайлау округтерінің шекараларын нақтылау, комиссиялардың құрамдары мен қатысушыларын анықтау жұмыстары жүргізілді. Бұл шараларға 1081 сайлау комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық мәслихатқа сайлау бойынша 20 аумақтық, 33 округтік, қалалық мәслихаттарға сайлау бойынша 29 округтік, аудандық мәслихаттарға сайлау бойынша 214 және құрамында 7567 адам бар 785 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Нақтылау барысында барлық сайлау комиссияларының 898 мүшесі ауысқаны анықталды.
Саяси партиялар атынан 5323, қоғамдық бірлестіктерден 1554 және жоғарыда тұрған комиссияның ұсынысы бойынша 690 адам ұсынылды.
Сайлау белгіленгеннен кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 19-бабының 8-тармағына сәйкес аумақтық комиссиялары өздерінің шешімімен шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына төменде тұрған сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады. Бүгінгі күні облыста барлық сайлау комиссиялары жасақталды. Аймағымыздағы сайлаушылар саны 475509 адамды құрайды, ол өткен жылы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президентін сайлаумен салыстырғанда 11334 сайлаушыға артып отыр. Сайлау округтері бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына  үміткерлерді ұсыну 19 ақпанда аяқталады, тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі. Қазір облысымыз бойынша ұсынылған 327 үміткердің 8-і тіркелді.
Облыс әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Николай Политкин Парламент Мәжілісіне депутаттардың кезектен тыс сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқару органдарының міндеттерін мәлімдесе, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Геннадий Глухов аталмыш шаралардың құжаттамалық қамтамасыздандырылуы жайлы айтып өтті. Ақмола облысы прокуратурасы басқару бөлімінің аға прокуроры Арғын Айтқожин сайлау кезінде заңдылықтың сақталуы, заң бұзушылықтарға жол берілмеуі керектігін тілге тиек етсе, сайлау науқанының қаржыландырылуы туралы облыс әкімі аппаратының бас есепшісі Айжан Сақтағанова айтып берді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар