Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Толымды істер бар - АРҚА АЖАРЫ

Толымды істер бар

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Байымбетовтың және облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдиннің қатысуымен аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев тұрғындар алдында өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берді.

  Аудан әкімі өз есебінде Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» туралы бағдарламасы еліміздегі іс-қимылдың нақтыланған картасы болып табылатынын және институционалдық реформалардың негізін айқындап бергенін атап өтті.  
– Мемлекет басшысының  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмалар уақытылы орындалуы тиіс. Жыл басынан бері «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңі
бастау алды. 59 заң өз күшіне еніп, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін жаңа құқықтық ортаны құрып отыр. Өткен жылдың қорытындысы
бойынша аудан экономикасының негізгі салаларының қарқынды дамуы, өңірде Елбасымыздың алға қойған тапсырмаларын орындау үшін жеткілікті база құрылды деп айтуға мүмкіндік береді.  Мәселен, өнеркәсіп өндірісі 77,7 пайызға ұлғайып, 12,8 миллиард теңгені құраған. Нақты өсім индексі 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 156,3 пайыз болды. Құрылыс жұмыстарының деңгейі 40,6 пайызға өсті. Инвестициялардың даму көрсеткіші 31,7 пайыз болса,  орташа айлық еңбекақы 10,9 пайызды құрап отыр, – деді аудан әкімі.
Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында 3 жоба жүзеге асырылды. Қазір ауданда 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істеп, 5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай кәсіпорындардың саны 15 пайызға артқанын атап өткен жөн. Аудан экономикасының басты секторы агроөнеркәсіп кешені болып табылады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 16,3 миллиард теңгені, нақты өсім индексі 102,4 па-йызды құрады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында көптеген кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары оң нәтижелерге қол жеткізді. Мал басы мен құс саны едәуір артты. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал саны – 2,  қой мен ешкі – 2,1, жылқы – 19,2, құс – 21,1 пайызға көбейді. Ет өнімдері – 68,7, сүт – 6 пайызға артты. «Құлан», «Алтын Асық», «Сыбаға» бағдарламаларын жүзеге асыру барысында 400 жылқы, 200 ірі қара, 325 бас қой сатып алынды.
Аудан әкімі өз есебінде Елбасының тапсырмасын орындау аясында  пайдаланылмаған жерлерді қайтару, оларды пайдаға жарату жөнінде жүргізілген жұмыстар жөнінде айтып өтті. Нәтижесінде мемлекет меншігіне 16,4 мың гектар жер қайтарылған, оның 3,5 мың гектары иесіз жер ретінде есепке қойылды, 17,3 мың гектары игеріле бастады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті дамыту үшін 766,8 гектардан астам жер телімдері бөлінген.  Аудан бойынша бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсу жоспары 110,2 пайызға орындалған. Жоспарланған кірістер 177,8 миллион теңгеге жетті. Нәтижесінде 1 миллиард 928 миллион теңге қаржы түсті. Экономиканың базалық салаларында жағымды динамиканы қалыптастыру ісі өңір қазынасына 34 миллиард теңге инвестиция тартуға немесе 39,4 пайызға өсіруге мүмкіндік берді.
Ұлт жоспары мен  Жолдауда Ұлт Көшбасшысы әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударып отыр. Бұл бас-ты бақылауда тұрған мәселе. Барлық жоспарланған шаралар іске асырылды.  2015 жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 642 миллион теңге жұмсалды. Үш елді мекендегі ұзындығы 210 шақырым ауыз сумен жабдықтау жүйесі қайта жөндеуден өткізілді.Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде электр қуатының  64,6 шақырым жаңа желілері тартылды.
– «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін үлкен жұмыстар жүргізілді, – деді одан әрі аудан әкімі.  – Он елді мекендегі жолдарға мерзімді жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 жерде ойын алаңдары ашылды. Төрт ауылға көше шамдары ілінді.  Ақмол ауылында Ұлы Отан соғысы батырларының мүсіндері орнатылды және субұрқақ күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Родина селосындағы мәдениет үйіне жылу жүйесі тартылды.   Өткен жылы 444 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Он адамның жеке кәсіп аш-уына  28 миллион теңге несие берілді.
Елбасының тапсырмаларын орындау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға көптеген жеңілдіктер жасалды. 27 мүгедек адам еңбекке орналастырылды. Тағы басқа да игілікті шаралар жүзеге асырылуда. Аудан әкімі көптеген қиындықтар әкелген өткен жылдың төтенше оқиғаларына да тоқталды. Қазір күрделі мәселелер түгелдей шешілді. Жоспарға сәйкес Оразақ ауылында қос пәтерлі 100 үй, Ақмол мен Қосшыда екі 45 пәтерлі тұрғын үй салынды. Жаңа жылға дейін топан судан жапа шеккен жандар өз үйлерінің кілтін алды. Қара күзде Оразақ-Шалқар магистралдық су құбыры жөнделді. Ақмол, Отаутүскен, Шалқар, Бірлік, Өтеміс ауылдарының ауыз су мәселелері шешілді.  Жаһандық дағдарыс проблемаларын ескерген еліміз 2016 жылға үлкен дайындықпен келіп отыр. Мемлекет басшысы Ұлт жоспары мен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біздің алдымызға нақты тың міндеттер қойды.
«Жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына өз үлесімізді қосамыз. Жобалық қуаттылыққа шығу арқылы кәсіпорындардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі. Индустрияландыру картасына жаңа жобалар енгізіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісін жан-жақты дамытуымыз керек. Жеке инвестицияларды тарту арқылы шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде мектепке дейінгі мекемелерді көбейтеміз. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің профилактикалық бағыттары дамытылады. Тұрақты жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықпен күресу, осы бағытқа бюджеттен қаржы қарастыру міндетіміз», – деді аудан әкімі өз сөзінде. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауына ие болып отырған шағын және орта бизнесті дамыту, «Нұрлы жол» бағдарламасы аумағында жаңа жұмыс орындарын ашу басты мақсатымыз болып табылады. Елбасының тапсырмасы бойынша әлемдік экономикалық дағдарысқа есептелген «Жұмыспен қамту» бағдарламасын қаржыландыру ісі кеңейетін болады. Қайта оқытудан өтем және өз ісін дамытамын дегендерге несие алуға мүмкіндік ашылады. Бұл нақты жұмыстар ауданымызды одан әрі дамытуға мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Қиындық адамды шынықтырады, тапқырлыққа және ширақтылыққа үйретеді. «Жол мұраты – жету…» деуші еді бұрынғылар. Сондықтан, ісіміз нәтижелі әрі сүбелі болуы үшін жұмыла іске кірісу – көпшіліктің парызы.
Есеп беру кездесуі соңында аудан әкімі жергілікті тұрғындардың сауалдарына тұшымды жауап
қайтарды.

Жанат  ТҮГЕЛБАЕВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар