Жалған ақпарат жарға жығады
Мысалы, 2015 жылдың 2 тамызында «Одноклассники» әлеуметтік желісінде және «WhatsApp» мессенджерінде Ақмола облысында құрбан шалу үшін кәмелетке толмағандарды ұрлайтын
секталардың бары жайлы жалған хабар таратылған.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында көрсетілген фактілер расталмады. Жалған ақпаратты таратқан адам анықталды, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілді. Аталмыш баппен бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялар желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі қауіп төндіретін жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған.
Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының 2015 жылғы 26 қарашадағы үкімімен осы ауданның тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Көрсетілген бапқа жалған ақпарат тарату елеулі мөлшерде айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына, бас бостандығын шектеуге не ауырлататын жағдайда
10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Ақмола облысының прокуратурасы тұрғындарды жалған ақпарат таратудан сақтандырып, ол бойынша қылмыстық жауапкершіліктің көзделгені туралы ескертеді.
Ақмола облыстық прокуратурасы.