Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәріңізге алғысымыз шексіз - АРҚА АЖАРЫ

Бәріңізге алғысымыз шексіз

 Жуырда ғана бүкіл Көкше елі, Ақмола жұртшылығы өз халқының аяулы перзенті, біздің шаңырағымыздың тірегі, бірімізге аяулы жар, бірімізге асқар таудай әке, бірімізге жанашыр аға бола білген Чапай Мүтәлләпұлы Әбутәліповты соңғы сапарға қимай шығарып салды.

 

Бар саналы ғұмырын туған елі мен халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған Чапай Мүтәлләпұлының өнегелі өмірі тек қана қажырлы еңбекпен өтті. Қандай жауапкершілік жүктелсе де, сенім биігінен көрінуді ойлаған ол қай қызметте болсын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы-на лайықты үлесін қосудан еш тартынып көрген жоқ. Сонысымен де халықтың құрметі мен алғысына бөленді.
Мұны біз үшін аяулы жанның қазасы да жақсы көрсете түсті. Ардақты азаматтың өмірден өткеніне бүкіл ел болып күйзеліп, қайғырғанының куәсі болдық. Осы орайда, Чапай Мүтәлләпұлының бұрынғы Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және облыстық Кеңестің төрағасы,  республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретіндегі еңбегін жоғары бағалап, отбасы мен жақын туыстарына дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз.
Сонымен бірге, осы бір қаралы күндерде ауыр қайғымызды бөлісіп, Чапай Мүтәлләпұлын соңғы сапарға лайықты шығарып салуға жан-жақты көмек көрсеткен Ақмола облысының әкімі Сергей Витальевич Кулагинге, облыс әкімінің орынбасарлары Қадырхан Отаров пен Нұрлан Нұркеновке және облыс әкімінің аппаратына, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевқа, Чапай Мүтәлләпұлының өзі басқарған облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестеріне зор ризашылығымызды жеткізуді басты парызымыз деп білеміз.    
Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовадан, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Дьяченкодан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы, Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қайрат Қожамжаровтан, академик Кенжеғали Сағадиевтен және бұрынғы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімовтің, бұрынғы Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшылары Еркін Әуелбековтің, Мақтай Сағдиевтің, Оразбек Қуанышевтің отбасылары мен балаларынан, бұрынғы Қазақстан Республикасының Білім министрі Қажахмет Балахметовтен, еліміздің барлық дерлік облыстарының ардагерлер кеңестерінен келген көңіл айту жеделхаттары да Чапай Мүтәлләпұлына деген үлкен құрмет пен сыйластықтың белгісі екендігін терең сезіне отырып, мың мәрте алғыс айтамыз.       
Жалпы, осы ауыр қаза барысында Астанадан арнайы келіп, жылы сөздерімен жанымызға демеу болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жабал Ерғалиевқа, Рәшит Әкімовке, бұрынғы сенатор Светлана Жалмағамбетоваға, Парламент Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаевқа, Владислав Косаревке, Егор Каппельге, Меруерт Қазбековаға,  «Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекболат Мұқышевқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыповаға, сондай-ақ, Чапай Мүтәлләпұлы тәрбиесін көрген, ағалы-інілі болып бірге қызмет атқарған Ақмола, Көкше елінің үлкендеріне, барлық замандастарына, шәкірттеріне, ел азаматтарына, қала, аудан әкімдеріне, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшыларына, облыстық департаменттер мен басқармалардың, кәсіпорын-ұйым, мекемелердің басшыларына, облыстық газеттер редакциялары мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына да шын жүректен алғыс сезімімізді арнаймыз.
Сондай-ақ, осындай зор ризашылықты қиын сәтте алыс-жақыннан келіп,  біздің жанымыздан табылған, сөйтіп, жабырқаулы көңілімізге демеу болған барлық ағайын-туыстарға, жора-жолдастарға, құда-жекжаттарға, көрші-қолаңға, Чапай Мүтәлләпұлының нағашы, қайын жұрты мен ауылдастарына, жалпы, ол кісіні біліп, бірге қызмет атқарып, соңғы сапарға шығарып салған жандардың барлығына да білдіріп, бізге деген ізгі ниеттеріңіз Алладан қайтсын дейміз.
Әрқашан дендеріңіз сау болып, әр күндеріңіз жақсылықпен, қызық-қуанышпен өтіп, ойлаған ой-мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Чапай Мүтәлләпұлы да мына қамшының сабындай қысқа ғұмырда үнемі тәңірден тілеп өткеніндей, еліміз аман, жұртымыз тыныш, ауызбірлігіміз бекем болып, бұдан былай тек қана жарқын сәттерде, туған Қазақстанымыздың мерейлі биіктері мен қуаныштарында жүздесуге жазсын.   

Ізгі ниетпен,
Әбутәліповтар отбасы
және  жақын туыстары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар