Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Керек кеңес - АРҚА АЖАРЫ

Керек кеңес

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткізілген кеңесте  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.

Кеңеске денсаулық сақтау, білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының өкілдері қатысып, облысымызға қажетті әлеуметтік нысандарды салу мәселесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешу жолдары жайында пікір алмасты.
Алғашқы болып сөз алған «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің жанынан құрылған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Аслан Болатов орталықтың атқаратын қызметтері мен шарттары жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Серіктестік басқармасы Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарымен екіжақты меморандумға қол қойып, әлеуметтік сала нысандарының құрылыс жобалары жайында келісім-шарт жасасқан.
Серіктестік  Ақкөл ауданының орталығында 140 орындық балабақша мен Щучинск қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысының жобаларын жүзеге асыру, қажет құжаттарын әзірлеу мәселелерін қарастыруда.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жауапты сала басшыларына осы бағытта аталмыш жобаларды сүйемелдеу орталығымен бірлесіп нақты жұмыстар атқаруды тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар