Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал басында өсім бар - АРҚА АЖАРЫ

Мал басында өсім бар

 Бүгінгі таңда облыста ірі қара мал саны 385210 басқа жетіп отыр.

  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10486 басқа көп. Зеренді, Ерейментау, Атбасар аудандарында ірі қараның саны 30 мыңнан асады. Бұл жақсы көрсеткіш.  Сиыр санында да өсім байқалады. Сиыр 10803 басқа көбейді. Әрине, мал басының өсуі барлық жерде бірдей деп айта алмаймыз. Мәселен, жылқы саны көбейген жоқ. Керісінше, кейбір аудандарда кеміген. Ақкөл ауданында 1 мың басқа кеміді. Бұл жұртшылық қолындағы жылқы санының азаюынан болып отыр. Қой басы өткен жылғы деңгейде. Ерейментау, Зеренді аудандарында қой саны 60 мыңнан асады. Облыста құс жылдан жылға көбейіп келеді. Қазір құс саны 5 миллионға жетті. Бұл негізінен үлкен құс фабрикалары бар Еңбекшілдер, Аршалы аудандарында құс санының өсуімен байланысты.
Мал басының өсуі оның өнімдерін өсіруге оң ықпалын тигізіп отыр. 2015 жылы 90,6 мың тонна ет, 359 мың тонна сүт, 779 миллион дана жұмыртқа  өндірілді. Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін құру негізінен біздің  облысқа жүктелген. Осыған байланысты облыс мал өсірушілерінің алдында үлкен міндеттер тұр. Алдымен, тұқымдық қасиеті төмен малдарды асылдандыру жұмысы мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Осы орайда, «Ырыс», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары негізінде қаржылай көмек көрсетілуде. Дәлірек айтсақ, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 14 тауарлы-сүт фермасын құру жоспарланған болатын. Бұл жоспар 100 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері облыста 334 шаруашылық субъектісі 22,5 мың бас, соның ішінде 3,9 мың аналық мал сатып алды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6,9 мың бас қой,  «Құлан» бағдарламасы бойынша 2,5 мың бас жылқы сатып алынды. Осы бағдарламаларға қатысуға ықылас білдіргендер көп. Өйткені, бағдарламалар аясында малдың тұқымдық құрамын жақсартуға және оның үлестік салмағын жоғарылатуға болатынына көз жетіп отыр.
Совет  БАЛТАБАЙ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар