Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жиһаз жасауды бала кезімнен ұнатамын. Бұрын үйдегі ескірген жиһаздарды жөндеп жүрдім. Кейін бұл құмартушылығым мамандық таңдауға септігін тигізді. - АРҚА АЖАРЫ

Жиһаз жасауды бала кезімнен ұнатамын. Бұрын үйдегі ескірген жиһаздарды жөндеп жүрдім. Кейін бұл құмартушылығым мамандық таңдауға септігін тигізді.

 Мамандығым – мақтанышым

Тараз қаласында әртүрлі жұмыс істедім. 2008 жылы  Астанаға қоныс аударып, Қосшы ауылындағы «Қазына-SR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сүйікті мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Биыл кәсіпорында жиһаз жасау цехы ашылды. Мені бірден осы цехқа ауыстырды. Қазір шетелде жасалған станоктарда жұмыс істеп, тапсырыс бойынша үстел, парта, орындық тәрізді әртүрлі жиһаз жасаймыз.
Шетелдік технологиямен жұмыс істегендіктен болар, еңбек  өнімділігі артты. Цехта отыздан астам адам жұмыс істейді. Жылына 30 мың дана жиһаз өнімдерін шығаруды межелеп отырмыз. Жасаған өнімдеріміздің еліміздің барлық өңірлерінде сатылатындығы үміт шырағын жағып, қуантады. Кәсіпорын табысты жұмыс істеуі, еңбекақымыз толымды болуы үшін еңбек өнімділігін арттыру басты назарда.  Менің ойымша әркім өз ісін сүюі керек.  Кәсіптің жаманы жоқ. Тек жүрек қалауымен таңдап алғаның абзал. Сонда ғана жұмысың нәтижелі болады. Мен өз мамандығымды сүйемін, жастар да өз кәсібін дұрыс таңдап, мақтан тұтса екен деймін.

Мейрамбек ҚАЗИЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар