Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белгілі журналист-жазушы, қоғам қайраткері Жанайдар Мусиннің туғанына 80 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Белгілі журналист-жазушы, қоғам қайраткері Жанайдар Мусиннің туғанына 80 жыл

 Жанайдар Баймырзаұлы Мусин  1936 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданының Қараөткел ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Көкшетау қазақ педагогикалық училищесін, 1960 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Өзінің еңбек жолын Еңбекшілдер аудандық «Коммунизм жолы» газеті редакторының орынбасары болып бастаған ол 1960-1971 жылдар аралығында облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің әдеби қызметкері, тың өлкелік «Тың өлкесі» газетінің бөлім меңгерушісі, Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетінің жауапты хатшысы, Талдықорған облыстық
«Октябрь туы» газеті редакторының орынбасары болып жемісті қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде
Жанайдар Баймырзаұлының баспасөз саласындағы қабілет-қарымы жарқырап көріне түсті.
Соның айғағындай, 1971 жылы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы болып тағайындалады. Журналис-
тика мен жазушылықты қатар ұштастыра білген оның «Үміт» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1972 жылы жарық көрді. Кейін бұл жинаққа «Таң нұры», «Қанат ұшқанда қатаяды», «Тың түлектері» очерктер жинақтары, «Ерлік дастаны» кітабы қосылды.
Редактордың қат-қабат жұмысын шығармашылық ізденіспен шебер ұштастыра білген Жанайдар Мусиннің қаламынан очерк пен көсемсөз жанрларындағы шұрайлы дүниелер үздіксіз туындап отырды. Әрі қарай қаламгер бұдан да тың ізденістерге барып, «Ақ алаң» романын өмірге әкелді. 1977 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген бұл романның кейіпкерлері – соғыстың отты жылдарындағы шағын ауылдың адамдары. Олардың тылда көрген ауыртпалықтары, ертеңгі күнге үміті мен сенімі көркем тіл, суреткерлік сипатпен әсерлі баяндалады.
Жазушының 1983 жылы баспадан шыққан «Туған үйдің түтіні» романында да әйел-ана бейнесі басты орында тұр. Жастардың өмірден өз орнын табуына, адам баласының отбасы мен қоғам алдындағы парызын толық ұғынуына ықпал ететін бұл роман, сондай-ақ, туған өлке шежіресі іспеттес «Жер шоқтығы Көкшетау» деректі кітабы (1989), «Мандат» роман-хроникасы (1991), орыс тілінен аударылған «Диқан» повесі (1996), тағы басқа да шоқтықты туындылары Жанайдар Мусиннің қазақ әдебиетінде лайықты орны бар қарымды қаламгер екендігін жете айғақтай түседі.
Сонымен бірге, Жанайдар Баймырзаұлы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетіне
19 жыл бойы үзбей жетекшілік етіп, оны таралымы мол, бетке ұстар басылымға айналдырған, газеттің кезінде КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қойылуына қол жеткізген білікті редактор, іскер ұйымдастырушы. 1990 жылы Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитетінің хатшысы болып сайланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұғырлы тұлға.   
Ел алдында сіңірген ерен еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында соңында өшпес із қалдырған аяулы жан аман-есен ортамызда жүрсе, осы күндері 80 жасқа толар еді. Амал не, өзі өмірде жоқ болғанымен, жарқын бейнесі мен тындырған ісі ел есінде сақтала берері анық.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар