Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ол жазды атын өлместей, Көкшенің көркем тасына!.. - АРҚА АЖАРЫ

Ол жазды атын өлместей, Көкшенің көркем тасына!..

Жанайдар Баймырзаұлына

О, тағдыр! Қанша қатты едің,
Көбейттің көңіл «әттеңін».
Оңалтып берер деп жүрсек,
Оралттың көздің ақ селін.

Ойламай жүрсе күтімін,
Опат қой оқыс үкімің.
Ол түзесе, сен бұздың,
«Туған үйдің» түтінін.

Жоғалтқан тарлан түлегін,
Көрсеңші Көкше реңін.
Керекті кезде айырылдық,
Алыстан естіп жүдедім.

Мысықтай жым-жырт пәс үнің,
Сұмдық қой ажал тәсілің.
«Ақ алаңға» шығарып,
Әкеттің елдің асылын.

Қайырымсыз қаза жазықты,
Қасіретін көптің аз ұқты.
Қиянат деген осы ғой,
Құлатты берік қазықты.
Жүйріктей тұрған жараулы,
Әкетті ерді қалаулы.
Көкшеде тұрған желбіреп,
Әкетті көпшіл жалауды.

Жиілеу соқты жүрегім,
Жоғалды мықты тірегім.
Жанайдар бар  деп ауылда,
Жайбарақат жүр едім.

Басылсын көздің білеуі,
Ол емес елдің жүдеуі.
Ол сексен көл ішінде,
Жарқырап жатқан біреуі.

Жеңсе де хабар мол зілі,
Әлі де сенем, ол тірі.
Көгілдір таулар ішінде,
Көрінген кербез ол бірі.

Жасыма, достар, жасыма,
Еңбегі белгі басына.
Ол жазды атын өлместей,
Көкшенің көркем тасына!

 

Кәкімбек САЛЫҚОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар