Жаңа бала бақша
«Балдәурен» бала бақшасының құрылысына қаржы аудандық бюджеттен бөлінген. Мұнда бүлдіршіндердің тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалынған.
Бала бақшаның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Асқар Қиықов бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын және тәрбиешілерді қуаныштарымен құттықтап, сәттілік тіледі.
– Еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеуде ауылдық жерде бала бақшаның ашылуы үлкен қуаныш. Бір жағынан бүлдіршіндер мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамтылып жатса, екінші жағынан бұл ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орны, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.