Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аудан әкімі Жомарт Нұркенов мүмкіндігі шектеулі балаға мүгедек арбасын сыйлады. - АРҚА АЖАРЫ

Аудан әкімі Жомарт Нұркенов мүмкіндігі шектеулі балаға мүгедек арбасын сыйлады.

Алғыс

Сарыоба ауылының тұрғыны 13 жастағы Қайрат Елеусізов бала кезінен мүгедек. Осыған дейін жасөспірімге үй ішінде қозғалып, далаға серуендеп шығу қиын болатын. Жақында Қайраттың ауыр жағдайын естіген аудан әкімі оған арба сыйлады.
–Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Қаншалықты деңгейде қиналғанымызды біздей бала бағып отырған ата-ана ғана түсінер. Ұлымыздың тағдырына бейжай қарамай, қол ұшын созған аудан әкіміне алғысымыз шексіз. Енді баламыздың бір уақ  есік алдына, көшеге шығуына мүмкіндігі бар, – дейді әкесі Саршал Елеусіз.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар