Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шәмші деп әр жүрек тебіренеді - АРҚА АЖАРЫ

Шәмші деп әр жүрек тебіренеді

Облыстық филармонияда қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» атты концерт тындарманын өзінің тартымдылығымен баурады.

  Қазақ ақындарының өлеңдеріне жазылған Шәмші әндерін көпшілік сүйіп тыңдайтыны мәлім. Кішкентайынан құлағына құйып өскен, жандарына жақын осы әндерді концерт залындағы көрермен әншілермен бірге шырқады.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ғалия Рамазанова мен Қайрат Мырзаболатов жүргізген концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова, Шолпан Дүкембаева, Мереке Бекмағамбетов, Гүлжан Ахметова, Эльмира Нысанбаева, Қайрат Мырзаболатов, Серікболсын Бекмолдин, Сәрсенбай Хасенов, Алмаз Оразалин мен Рашида Ғалымовалар дуэт болып өнер көрсетті.
Концерт уақыт озған сайын өміршеңдігін танытып келе жатқан Шәмші әндерінің құдіретінің, жанды жаулап, көңілді баурап алатын сиқырлы сазының көнермейтінінің тағы бір айғағы болды. Иә, сұлу сазды, асқақ тебіреністі Шәмші әндері қанша шырқасақ та, көптік етпейді. Ондағы әуезділік, сезім тебіренісі, әуен-ырғақтың жарасымды үйлесім табуы, көңіл қылын дөп басуы ерекше құбылыс деуге тұрарлық талант қыры. Сондықтан да, композитордың өшпес, өлмес әндеріне ерекше ынтық қалың көпшілік осы жолы да ұлы сазгердің бай ән мұрасынан зор әсер алып, қимай тарқасты.     
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар