Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағы бір қызмет түрі - АРҚА АЖАРЫ

Тағы бір қызмет түрі

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінде экстерн нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады.

Қызмет 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл ретте өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Экстерн нысанында оқуға өтініш беру үшін тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға (халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгіну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақытылы аяқтай алмаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады. Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат алу үшін өтініш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейін олардың мүддесін ата-аналары немесе заңды қамқоршылары қорғауға құқылы. Егер уақытыңыз шектеулі болса, ХҚКО-ға кезекті электрондық үкімет порталы арқылы брондауға мүмкіндігіңіз бар. Бұл үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңбаның да керегі жоқ, тек ЖСН-ды енгізіп, қызметті алғыңыз келетін ХҚКО-ны көрсетсеңіз жеткілікті.
Қызметті алу үшін өтінішті толтыру керек, сол сияқты өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс: дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы, 1/е нысаны,  соңғы оқыған сыныптағы үлгерім табелінің көшірмесі және көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған балалар үшін), сондай-ақ, салыстыру үшін түпнұсқа. Қажет болған жағдайда білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша  шетелде тұратыны жөніндегі  анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкін. 15 жұмыс күнінен кейін сіз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды ала аласыз. Айта кетейік, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсаттама
берілді.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»  республикалық мемлекеттік кәсіпорны  Ақмола облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар