Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алтын көрсе... - АРҚА АЖАРЫ

Алтын көрсе…

Ақсу кентіндегі «Қазақалтын» акционерлік қоғамы кенішінің №38 шахтасынан құрамында алтыны бар руданы ұрлап жүргендер қолға түсті.

Алдымен, Степногорск қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне аталған шахта аумағында бейсауат адамдардың жүргені туралы жедел ақпарат түскен-ді. Ізінше  құқық қорғау органдарының қызметкерлері 40 жастағы теміртаулық пен 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеріс барысында күдіктілерден құрамында алтыны бар 4 қап руда тәркіленді.
Қазіргі кезде  осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 334-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар