Көкшетау қаласындағы №8 орта мектепте ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты әскери-патриоттық шара болып өтті.
Жиынға Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Мұса Елеусізов, Көкшетау қалалық қорғаныс департаментінің басшысы, подполковник Қуанышбек Камалиев қатысып, жеткіншектерді тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтап, еліміздің нағыз патриоттары болуға шақырды. Сонымен бірге, шара барысында Ауған соғысы жайлы бейнебаян көрсетіліп, тақырыпқа сай өлең-жыр оқылды. Әрі сол соғыстың қияметін көріп, қасіретін тартқан ардагерлеріміздің ерліктері де айтылды. Жас толқынның парызы майдан даласында төзімділік пен табандылық танытқан майдангерлерге барынша құрмет көрсету екені де назардан тыс қалмады. Жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған кездесудің оқушылар үшін тағылымы мол болды.
Сейітжан ЖҮСІПОВ,
№8 орта мектебінің алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі.