Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейментауда болған екен - АРҚА АЖАРЫ

Ерейментауда болған екен

Бұл туралы, яғни, Сәбит Мұқановтың Ереймен жеріне келгені жөнінде маған шежіре қартымыз, тарихшы Әлім Түгелбаев ақсақал айтып еді. Ол Арқа өңірінде тың көтеру қызу  жүріп жатқан кез.

  1956 жылдың сарша тамызында  Ақмола топырағын қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқанов басыпты. Қасында облыстық партия комитетінің  хатшысы Фарида  Халитова, облыстық газеттің сол жылдардағы редакторы, ұлтымыздың біртуар перзенті, жазушы Әнуәр Ипмағамбетов бірге еріп жүрген.
Ұлы қаламгер бірден Ереймен жеріне ат басын тірепті. Жазушыны «Өлеңті» кеңшарының партком хатшысы Әлім Түгелбаев пен ел ағасы Ахметжан Қанапиянов қарсы алады. Сәбеңнің мақсаты осы елдегі әйгілі Әлдебек саятшымен кездесіп, оның Сұркиік атты тазысының бір күшігін қалап алу екен.
Бұған қоса, ойы ел ішінің тарихи әңгімелерін, жер-суларына қатысты аңыздарын жинау болса керек. Бірақ, Сәбең сол жолы бұл арманына жете алмаған көрінеді. Себебі, бұл кезеңде Әлдебек саятшы өмірден өтіп кеткен және оның әйгілі тазысынан ұрпақ қалмаған  болып шығады. Нендей тақырыпты жазса да, ел ішіндегі көз көрген шежіре қарттармен жүздесіп барып жазатын ұлы жазушы еш уақытта ақиқаттан ауытқымаған ғой. Шамның айналасынан ғана әңгіме өрбітіп, қиялынан романдар жазатын осы күнгі жастардай болмаған ғой аға жазушыларымыз.
Смағұл РАХЫМБЕК,
жазушы.
Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар