Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың төл мәдениеті – мәңгілік құндылығымыз - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың төл мәдениеті – мәңгілік құндылығымыз

«Мәңгілік ел»  – еліміздің басты ұлттық құндылығы, өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің жарқын кепілі.
Елбасымыз мәдени саясат тұжырымдамасының негізгі стратегиялық бағыты, елімізді ұлы мақсаттарға жетелейтін  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ұсынды. Мәдениет қызметкерлері осы ұлттық идеяны өнер тілімен насихаттау жұмыстарын жүргізуі қажет.

 «Мәңгілік ел» – тұғырлы идея. Оны жүзеге асыру жолындағы мәдениет саласына жүктеліп отырған міндеттерді орындауға жаңашылдық бағыт-бағдар енгізіп, инновациялық жобаларды іске қосу бүгінгі күннің басты  талабы.
«Мәңгілік ел» идеясын қолдау бағытындағы мәдениет саласының  бүгінгі таңда жасап жатқан  жобалары мен алға қойған жоспарлары баршылық. Маңызды стратегиялық құжаттардың бірі – Мәдени саясат тұжырымдамасы бойынша облысымыздың 19 өңірінде талқылау өтті. Елбасымыздың ұлы жобалары мәдениет қызметкерлері үшін тың  идеяларға жол ашып, жаңа серпіліс беруде.  
Өнер  – ұлттың жаны дегендей, кез-келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны белгілі. Әр өңірдің тарихында айшықты орын алған мәдени мұраларын танытып, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігін  жарастыруда мәдениет ошақтарының алатын орны ерекше. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда Ақмола облысының мәдениет басқармасы республикалық, облыстық деңгейдегі шараларды өткізуді берік дәстүрге айналдырып келеді. Президентіміздің әр бастамасын қолдап, саяси оқиғалардың куәсі болып, ұлт жоспарының маңызы мен мәнін  меңгеруге күш саламыз. Осы бағыттағы жұмысымыздың бір парасы ретінде  Ақмола облысында бастау алған, Елбасының тікелей қатысуымен өткен, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған республикалық форумды мақтанышпен айта аламыз.  
 Ұлттық құндылықтардың мәңгілік мәні бар. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, Ақмола облысы әкімінің қолдауымен 2015 жылдың маусым айында өткізілген «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты халықаралық деңгейдегі музей фестивалі ерекше ықыласпен қабылданды. Фестивальға Ресей, Италия, Венгрия елдері музейлерінің ғалымдары, тарихшылары, ғылыми қызметкерлері қатысты. Осы фестиваль аясында 14-16 маусым аралығында Ақмола облыстық филармониясының ұйымдастыруымен  «Ғасырлар үні» этнографиялық-фольклорлық фестивалі өтті.  Фестивальға  Ресей, Қытай, Башқұртстан, Беларусь, Алтай Республикасы, Монғолия, Түрік елдері  ең үздік әртістері қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Ата-баба дәстүрін ұрпаққа аманат етіп қалдыру мақсатында «Ғасырлар аманаты» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты  – қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуына үлес қосқан, Қазақстанның тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне байланысты музейлік раритеттер арқылы «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын  жүзеге асыру еді.  Акцияның ең маңызды жұмысы қазақ хандығының құрылуына ерен еңбек еткен тарихи тұлғалар туралы жәдігерлер мен 5 қысқаметражды фильмнің түсірілуі  және фотоальбомның жарыққа шығуы десе де болды. Акция қорытындысы еліміздің 16  аймағынан жиналған фотоальбомды Астана қаласындағы Тұңғыш Президент музейінің қорына  табыстаумен аяқталды.
«Мәңгілік ел» идеясының түп қазығы тарихи тұлғалардың мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында Ілияс Есенберлиннің, Мәлік Ғабдуллиннің, Жұмабек Тәшеновтың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып Ақмола облысының барлық өңірлерінде «Ақмола жұлдыздары» облыстық дәстүрлі халық шығармашылығы байқауы ұйымдастырылды.
«Мәдениеті өскен ел – өркениетке көшкен ел» дейді дана халқымыз.  Мәңгілік ел болу үшін біздің де мәдени талғамымыз сол дамыған мемлекеттің халқымен тең дәрежеде болуы шарт. Осы орайда, Қазақстанның  мәдени мұрасын барша әлемге танытуға арналған «МӘҢГІЛІК МҰРА» жалпыұлттық  мәдени дамыту жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба арқылы мәдени мұрамызды әлемдік мұралар қорымен ықпалдастыруға зор мүмкіндігіміз бар. Мәдени саясат тұжырымдамасы аясында кластерлер халықаралық туризмдегі мәдени ықпалдастықтың жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Сал-серілер мекені  Ақмола облысы «Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» кластеріне жатады. Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен салт-дәстүрлерін, әсем әндері мен жырларын, күмбірлеген күйлерін, баға жетпес мәдени құндылықтарын сақтау, насихаттау  бағытында өнер адамдары аянбай еңбек етіп келеді.
Биылғы 2016 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойына орай, Ақмола облысының мәдениет басқармасы барлық аудан мен мәдениет мекемелерін ортақ тақырып  «Мәңгілік ел» ұлттық-патриоттық идеясын жүзеге асыру аясындағы инновациялық жобалар»  бо-йынша бастарын біріктірді.  Осы тақырыпты ашу үшін дөңгелек үстелдер, ғылыми-зерттеу жобалары, фестивальдерді өткізу  жоспарлануда. Оның ішінде жаңа мәдени инновациялық жоба –  «25 қайырымды іс» акциясын жүзеге асыруда.  Соның бірі   «Өнерлілер – өңірге» жобасы.  Бұл жобаның негізгі мақсаты – облыстық көркемөнерпаздар ұжымдары, онын ішінде филармонияның кәсіби әртістері мен театр актерлері, «Көкшетау», «Дос-тар» мәдениет сарайының шығармашылық топтары, халық шығармашылық орталығы, әр ауданнан жиналған өнерлі жастар Ақмола облысының  шалғай елді мекендерін аралап,  өз өнерлерін көрсететін болады. Ал, музейлер әр тақырыптағы көрмелер ұйымдастырады.  Аталмыш жоба аясында М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана «Кітап сыйла» атты ауқымды шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысы Жолдауында жергілікті атқару органдарының алдына мемлекеттік бюджетті жеңілдету міндетін қойып, жекеменшік серіктестігі тетігін жеделдетуге тапсырмалар жүктегендігі белгілі.
Жолдауда берілген тапсырмалар бойынша 2015 жылдың 31 қазан күні жарияланған «Мемлекеттік жекеменшік серіктестігі» туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясында Ақмола облыстық мәдениет басқармасы үлкен істерді қолға алды. 2015 жылы іскерлік қарым-қатынастың нәтижесінде мәдениет саласына 139 328,9 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, мәдениет басқармасының бастамасымен мәдениет саласында жекеменшік серіктестік жұмысын жандандыру бағытында тәжірибелі мамандардан құралған ұйымдастыру комитеті құрылды. 2016 жылдың 11 қаңтары күні  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен өткен  Ақмола облысының мәдениет саласын дамыту жөніндегі жұмысқа арналған кеңесте 26 ақпан  күні «Мәдениет саласы және бизнес құрылымдары: әріптестер сұхбаты» өңірлік форумын өткізу жөніндегі ұсыныс енгізілді.
Қарқынды даму  жолында Президентіміздің маңызды идеяларының бірі мәдениет қызметкерлерінің экономикалық жаңашыл бағытта жұмыс атқаруды үйренуін жүзеге асыру. Ең алдымен бәсекеге қабілетті болу, жекеменшік серіктестігі аясында жұмыс істеу және қаржы табу, ақылы қызмет көрсету.    Ол үшін әртүрлі мақсаттағы аудиториялармен жұмыс істеп, әртүрлі инновациялық жұмыстарды қолдану  қажет.
Алдағы уақытта мәдениет сапасын жақсарту мақсатында жекеменшік серіктестіктерімен бірнеше жаңа бастамалар жүзеге асырылмақшы.  
Биылғы жыл еліміз үшін тарихи маңыздылығы зор мерейтой – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Жоғарыда атап өткен инновациялық мәдени жобалардың қатарына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жаңа жобалар да бар.  «Тәуелсіздікке арналған 25 ән», «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау!» фестивалі, сондай-ақ, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрпымызды, өлкеміздің сал-серілерін дәріптеу мақсатындағы фестивальдер өткізіледі. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында  Ақмола облыстық халық шығармашылық орталығы Отбасы фестивалін өткізуді жоспарласа, Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетау» ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және қаламыздың тұрғындарының естеліктері мен фотоқұжаттар материалын ұсынады.  Бұл инновациялық жаңа жобалар нақты тапсырмаларды орындаудың көрсеткіші болмақ.
Ұлт мұраты, ұрпақ болашағы – мәңгілік құндылықтар. Біз, Тәуелсіздігіміздің әкелген ең үлкен игілігі – ел бірлігі мен ынтымағын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өткен тарихымызға тағзым етіп, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай,  Мәңгілік ел  болуымыз қажет.  Бүгінгі бақытымызды бағалап,  келешегімізге зор үмітпен қарайық.

Сәуле БӨРІБАЕВА,
Ақмола облыстық мәдениет
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар