Мамыражай бейбіт өмірдің қадірін Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген азаматтар жақсы біледі.
Жалындаған жастық шағында олар талай сұрапыл оқиғаны бастан өткерді, көз алдында қаруласынан айырылды. Жылдағы дәстүр бо-йынша ардагерлер саябағында өткен митинг жарияланбаған соғыста қаза тапқан боздақтарға ізет білдіруге арналды. Ескерткіш етегі гүл дестесімен көмкерілді.
Аудан әкімі Ермек Нұғыманов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Дулат Ділдебаев, «Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есен Хасенов ризашылық лебізін арнады.
Митингіден кейін интернационалист-жауынгерлер Ақсуат ауылында жерленген қарулас достары Александр Шлюндтің бейітіне барып, марқұмның рухына тағзым етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.