Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сырқат сәбиді емдетуге қаржы жиналды - АРҚА АЖАРЫ

Сырқат сәбиді емдетуге қаржы жиналды

Достық үйінде облыстық әкімдіктің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Қайырымдылық керуені» рес-публикалық акциясы аясында  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі қайырымдылық аукционын ұйымдастырды.

  Аталмыш  шара Үміт есімді сәбиге қаржылай көмек көрсету мақсатында өткізілді.
– Бәріміздің күнделікті өміріміз қарбаласқа толы. Сол қарбалас тіршіліктің қарекетін жасаймыз деп жүріп, көмекке мұқтаж жандарды ұмытып кететініміз де шындық. Бірақ, бір сәтке айналамыздағы адамдарға көз салып, қолдан келгенше жәрдемдесуге көңіл бөлуіміз қажет. Өзгелерге жақсылық жасау нағыз азаматтылықтың белгісі, – деді қайырымдылық аукционын ашқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өз сөзінде.
Осыдан кейін бес лот ойнатылды. Сатылымға  «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы және өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы оқушыларының қолынан шыққан әртүрлі шығармашылық жанрдағы бұйымдар қойылды. Осылайша мектеп оқушылары қолөнер мен қайырымдылықты ұштастырып, игі шараға үлес қосты.
Аукцион барысында залда жиналған қауым әрбір лотты қалт жібермей, белсенділік танытты. Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Мұнарбек Батырханов, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Александр Артеменко, «АП-Импэкс» серіктестігінің директоры,  қалалық мәслихаттың депутаты Жұмабай Әміржанов, «Ақсай-нан» серіктестігі, бірқатар басқармалар мен  еңбек ұжымдарының белсенділігін атап өтуге болады.
Шара қорытындысында алдын ала құрылған тексеру тобы жиналған қаражатты санап, оны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова сырқат сәбидің анасы Гүлнәр Зейнуллинаға тапсырды. Ол осы шараға бей-
жай қарамай, көмек қолын созуға ұмтылғандардың барлығына шынайы ризашылығын білдірді. Үмітке алдағы уақытта  бірнеше оталар жасалмақшы. Нәтижесінде сәби сауығып, құлантаза жазылады деген ойдамыз.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар