Осыдан екі жыл бұрын жергілікті кәсіпкер Абай Ахметов Астана қаласындағы цехта жасалған жиһазды аудан орталығындағы шағын дүкенінде сататын.
Өнімге сұраныс көбейе келе дүкен тар болып шықты. Кәсіпкер «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы несие алып, бос тұрған бұрынғы «Балалар әлемі» дүкенін қалпына келтірді.
Қазір жиһаз дүкеннің ішіндегі цехта жиналады да, бірден сатуға қойылады. Кәсіпкер жерлестерін жұмыспен қамтып отыр. Құрастыру цехында Тұрыс Оразбаев пен Дәурен Мұхамедин жұмыс істесе, дайын жиһазды сатумен Шолпан Ілиясова айналысады және тапсырыс қабылдайды.
Әсел МЕЙРАМОВА.
Қорғалжын ауданы.