Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеңестің алғашқы мәжілісі - АРҚА АЖАРЫ

Кеңестің алғашқы мәжілісі

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, кеңес төрағасы Қуаныш Жапақов ашып, жүргізіп отырды.

  Бірінші болып сөз сөйлеген кеңес секретариатының меңгерушісі Дархан Хайруллин Әдеп жөніндегі кеңестің ережесі жайлы айтып, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспарына тоқталды.
Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Темірханова қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу туралы баяндаса, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Жомарт Түстікбаев 2014-2015 жылдары жасалған құқық бұзушылықтарға сараптама жасады.
Аталмыш кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының 158 фактісі орын алған, соның ішінде 2014 жылы 71 тұлға, 2015 жылы 87 тұлға жауапқа тартылған, яғни, бұл көрсеткіш 18,4 пайызға артып отыр. Өткен жылы жергілікті атқару органдарының 61 мемлекеттік қызметшісі құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылса, соның 41-і мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшы құрамымен жасалған.
Аршалы ауданының әкімі Жомарт Нұркенов былтырғы жылы орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы есеп бере келіп, аудан аумағында қызметтік тәртіпті нығайтуға және жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуы жайлы айтып өтті.
Шара барысында Жарқайың
ауданына қарасты Отрадный ауылдық округінің әкімі Мұрат Мұқановқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз қызметтік автокөлікті жүргізген. Жол полициясының қызметкерлері тоқтатқан кезде оларға бағынбай, қарсылық көрсеткен.
Кеңес мүшелері осы істі қарай келіп, бірауыздан Мұрат Мұқановты ауылдық округ әкімі міндетінен босату жөнінде аудан әкіміне ұсыныс білдіру туралы шешім қабылдады.

Жанат СӘБИТОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар