Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәжірибе алмасты - АРҚА АЖАРЫ

Тәжірибе алмасты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттік қызмет реформа жағдайында. 2015 жылғы жұмыс қорытындылары және 2016 жылдың міндеттері туралы» семинар-мәжіліс өткізілді.

Аталмыш шараға облыстық басқармалардың, қала мен аудан әкімдері аппараттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің дербес басқару қызметтерінің өкілдері қатысты.
Семинар  департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаевтың басшылығымен өткізілді, өз баяндамасында ол 5 институцио-налды реформалар шеңберінде мемлекеттік қызметтің әкімшілік реформасын практикалық жүзеге асыру мәселелерін сипаттап берді.
Бұдан әрі дербес басқару қызметтерінің өткен жылғы жұмысының қорытындысы және 2016 жылға оларға қойылатын міндеттер туралы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан  Братаева баяндады. Аумақтық мемлекеттік қызметшілерді оқыту өңірлік орталығының директорының орынбасары Әниша Нұрахметова Ақмола облысындағы мемлекеттік қызметшілерді оқыту жағдайына тоқталса,  мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Сұлтанғазиев жаңа Әдеп кодексі тұрғысында мемлекеттік қызметшілердің тәртіп стандарттары жайлы айтып берді. Департаменттің бас маманы Жасұлан Жақыпов мемлекеттік қызмет саласындағы заңға тәуелді актілердің жаңа талаптары бойынша түсініктеме берді.
Жағымды тәжірибемен алмасу мақсатында Қорғалжын және Аршалы аудандары әкімдері аппараттарының дербес басқару қызметтерінің жұмысы туралы есептер тыңдалды. Шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың жаңартылуына сәйкес департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасымен құрастырылған әдістемелік ұсыныстар таратылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар