2016 жылғы 18 ақпанда Орталық сайлау комиссиясында сайлауға қатысушы саяси партиялардың өкілдерімен сайлау заңнамасының нормаларын сақтау мәселелері жөнінде семинар болды.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоос негізгі баяндама жасады. Атап айтқанда, ол саяси партиялардың өкілдерін электораттық кезеңдегі партиялар қызметіне, олардың сайлауалды үгітті жүзеге асыру тәртібі мен шарттарына қатысты сайлау заңнамасының ережелері туралы ақпараттандырды.
«Сайлауға қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасының ережелерін сақтап қана қоймай, сайлауалды үгітті «былғаныш» саясат технология-
ларын қолданбай, әділ жүргізуі маңызды» – деп атап өтті Ортсайлауком төрағасының орынбасары. Ортсайлауком мүшесі М.Сәрсембаев Қазақстан Республикасы саяси партияларының сайлау науқандарына қатысуына қысқаша шолу жүргізді, сондай-ақ, өткен парламенттік сайлаулардың кейбір ерекшеліктерін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1-ші Департаментінің бөлім бастығы С.Сәмет үгіт жүргізу кезеңінде
саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу мәселелерін айқындап берді, сондай-ақ, аталған мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі туралы айтты.
Пікір алмасу барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын тиімді қамтамасыз етудің, сайлау туралы заңның талаптарын бұзушылықтарды анықтау мен болдырмаудың жолдары мен әдістері қаралды. Саяси партиялардың өкілдері сайлау органдарымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтты.