Орталық сайлау комиссиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының 12 байқаушысын тіркеді.
2016 жылғы 18 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Респуб-ликасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының 12 байқаушысын аккредиттеді.
Осылайша 2016 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың 2 Миссиясының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) 52 байқаушысын аккредиттеді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.