Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үгіт жүргізудің тәртібі мен шарттары сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Үгіт жүргізудің тәртібі мен шарттары сөз болды

Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК мүшесі Л.Сүлейменнің сайлауға қатысушы саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі мен шарттары туралы брифингі өтті.

20 ақпанда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлауалды үгіт басталды. Ортсайлаукомда болған брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі Л.Сүлеймен атап өткендей, осы сәттен бастап партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын, жаңалықтар және талдау бағдарламаларынан өзге, бар ақпарат партиялардың сайлау қорынан төленуі тиіс. Жаңалықтар және талдау бағдарламаларын дайындауда партиялар мен кандидаттардың қызметін тең үлесте жариялау жөніндегі талап  сақталуы тиіс.
Сайлау туралы заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды қажет етпейтін сайлауалды үгіт жүргізуге құқылы. Сайлауға қатысушы саяси партияларға шарттық негiзде баспасөз бетiнен орын немесе эфир уақытын беруге Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркегені туралы шешімінің көшірмесі және өкілетті адам қол қойған БАҚ басшысының атына жазбаша өтініш негіз болады. Шарттың талаптары белгiлi бiр партияға артықшылық туғызбауға тиiс, ал,  саяси партияның бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсімi басқа да партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруі болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланыс-ты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi. Сайлау күні және оның алдындағы күнi БАҚ-та үгіт матер-иалдарын жариялауға болмайды.
Л.Сүлеймен БАҚ өкілдерін «бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт жүргізу кезеңіндегі қызметіне қатысты неғұрлым жиі қойылатын сұрақтарына жауаптарды ҚР ОСК өзінің ресми интернет-ресурсында «Сұрақ-жауап» бөлігінде орналасқаны» туралы ақпараттандырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар