Кеше облыс әкімі облыстық ведомство басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында облыс әкімі Сергей Кулагин көктемгі су тасқынына қарсы уақытылы шаралар қолданып, дайындықты ширата түсуді тапсырды.
Аймақ басшысы жауапты кезеңде барлық қызмет түрлерін үйлесімді жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, барлық оқу орындары мен медицина мекемелерінің құрылыс жұмыстары 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқталуға тиісті.
– Конкурстық шаралар сапалы әрі жедел жүргізіліп, наурыз айының соңына дейін аяқталады, – деді әкім өз сөзіне екпін түсіре.
Өңір басшысы жылу беру маусымын ойдағыдай аяқтау, 2016-2017 жылдардағы күзгі және қысқы жұмыстың жоспарын жасау туралы тапсырма берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.