Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрақты дамуы қуантады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрақты дамуы қуантады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтің сөйлеген сөзі

 

Құрметті есеп беру кездесуіне қатысушылар! Біз күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық нақты ахуал  пайда болуда. Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік рыноктардағы құлдырау туындатқан бірқатар сыртқы факторлар теріс әсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу төркіні біздерге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайды» деп атап көрсеткен сөзі бұрынғысынша өзекті күйінде қалуда.
Облыс әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің есебін тыңдай отырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойылған міндеттерді шешу бағытында өңірде көп жұмыстар атқарылып жатқандығына тағы да бір айқын көзіміз жетіп отыр. Бізді Ақмола облысының тұрақты дамуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы бағытында алға басқан қадамы қуанта түседі.
Осы орайда, біз үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың маңызы зор екендігін ерекше айта кеткім келеді. Бұл Бес институционалдық   реформаны іске асырудың нақты алгоритмі және оларды іске асырудың нақты 100 қадамы.
Бұл Ұлт жоспары дер мезгілінде қабылданып отыр. Бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру Қазақстанның дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі қолға алынуда.  Парламентпен 59 заң қабылданып, олардың бәріне Елбасы қол қойды. Бұл заңдар мемлекеттің, экономика мен қоғамның дамуы үшін принципті түрде жаңа құқықтық ортаны қалыптастырады. Сондықтан, біз үшін бұрын-соңды  тарихымызда болмаған осы ұлттық заң шығару ісіндегі өзгерістер ауқымын лайықты бағалап, түсіне білудің де маңызы өте зор. Оның үстіне бұл өзгерістер біздің қазақстандық арманымызға қол жеткізуімізге, яғни, ХХІ ғасырдың көшбасшылары – 30 мемлекеттің біріне айналуымызға жол ашады.  
Осы биік мінберді пайдаланып, депутаттар бұрынғыдай тоқсан сайын өңірлерге шығып, кездесулер өткізбейтін болған Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа жұмыс регламентіне қарамастан, біздер өз сайлаушыларымызбен ұдайы байланыс жасап тұратынымызды бөле-жара атап өткім келеді.  Қымбатты менің жерлестерім, біз сіздерге қолдан келгенше қызмет етуге әрқашан да дайынбыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар