Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткен сейсенбіде бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың 47-інші кезекті сессиясы өтті. Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілген сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары мен - АРҚА АЖАРЫ

Өткен сейсенбіде бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың 47-інші кезекті сессиясы өтті. Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілген сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары мен

 Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Жанат Ережепов өңірде осы ведомствомен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Департамент әкімдіктермен, басқа да атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, әскерге шақыру, жастарға патриоттық тәрбие беру және әскери қызметке дайындау бойынша жоспарлы шаралар өткізуде. Учаскелердегі әскери есепті тұрақты түрде жүргізіп, оқу мекемелеріне оқушылар мен студенттер арасындағы алғашқы әскери дайындық үдерісіне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Әр оқу жылының басында департаменттің, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің жеке құрамымен жастардың әскери қызметке дайындығының сапасын арттыру мақсатында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерімен нұсқамалық-әдістемелік сабақтар өткізіледі. Азаматтық қорғаныс шаралары аясында жалпы әскери үйрету мәселелеріне де лайықты көңіл бөлінеді.
Жарыссөзге қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Амангелді Әшіров Целиноград ауданында әскерге шақыру қосыны ғимаратының жағдайына, олардың материалдық-техникалық жабдықталуына тоқталса, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова оқу мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнін сапалы өткізуге барлық жағдай жасалып отырғандығын тілге тиек етті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-ыншы қадамын орындау мақсатында өткен жылдың аяғында  «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осының негізінде еліміздің барлық аймақтарында жаңа қоғамдық институттар – Қоғамдық кеңестер енгізілді. Заңға сәйкес Қоғамдық кеңестер бюджет бағдарламалары жобалары мен азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, стратегиялық жоспарларды, аумақтардың даму бағдарламаларын қарап, ұсыныстар енгізіп отырады. Сессияда депутаттардың бірауыздан қолдауымен 21 адамнан тұратын осы Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің жанындағы техникалық және кәсіптік білімді дамыту, кадрларды даярлау жөніндегі аймақтық кеңестің құрамы, инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес пен терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамдары да бекітілді. Ерейментау ауданындағы №2 орта мектеп-лицейіне Насыр Смағұловтың есімін беру туралы ұсыныс енгізіліп, шешім қабылданды. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың бес шешіміне өзгерістер енгізіліп, екі шешімінің күші жойылды деп танылды.  
Сессия жұмысын қорытындылаған облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин бесінші шақырылымдағы депутаттардың бұл соңғы отырысы екендігін айта келіп, өңір үшін аса мәнді мәселелерді талқылап, маңызды шешім қабылдауда, ел талабын орындау жолында құлшынысы және азаматтық биік ұстанымымен танылып жүрген халық қалаулыларына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін алғысын білдірді. Мәслихаттың келесі кезекті сессиясы енді жаңа құраммен өткізілетін болады.

Жанат Сәбитов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар