Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл табысты басталды - АРҚА АЖАРЫ

Жыл табысты басталды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің 2016 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алда тұрған басты міндеттер сараланды, сондай-ақ, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жүзеге асыру барысы да қамтылды.

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин,  облыстық мәслихат депутаттары, аудан және қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Алғашқы мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров баяндап берді.
Ол өз сөзінде 2016 жылдың қаңтар айында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айта келе, негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Атап айтқанда, өнеркәсіпте өндіріс көлемі 24,6 миллиард теңгені құрап, тауар өнімінің нақты көлем индексі 125,7 пайызға орындалып отыр.
Құрылыс, шағын және орта бизнесті дамыту,  инвестиция тарту, әлеуметтік қамсыздандыру және бағаны тұрақтандыру  бағытында да жаман жұмыс істелген жоқ. Тек  салық төлеу,  бюджеттен бөлінген қаржыны игеру және мүлікті жекешелендіру, заңдастыру бағытында жұмысты ширату қажеттігі
байқалады.
Баяндаманы тыңдай келе, облыс әкімі экономиканың негізгі салалары бойынша өңірдің қол жеткізген жетістіктері мен кемшін кеткен тұстарына жеке-жеке тоқталып өтті. Әсіресе, жалпы облысты алғанда көрсеткіштер жаман болмағанмен, кейбір аудандарда олқы тұстар бар. Өңiр басшысы 2016 жылдың қаңтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен алдағы міндеттерді саралай келе,  барлық сала бойынша қолға алынған жұмыстарды ширатуды тапсырды. Одан әрі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіхалықов өңірде көктемгі су тасқынын болдырмау  мақсатында қолға алынған шараларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Оның айтуына қарағанда биылғы жылы облыс аумағында қар жылдағыдан мол түсіп отыр. Мұны «Қазгидромет» республикалық  мемлекеттік кәсіпорнының мамандары да растап отырған көрінеді.
Осыған байланысты аймақта тасқын судың зардабын болдырмау жөніндегі облыстық шұғыл штаб құрылған.
Өткен жылдары орын алған су тасқыны деректерін саралай келе, облыс аумағындағы су тасқыны орын алады деген 16 қауіпті өзен аумақтары анықталып, бақылауға алынған.
Сонымен қатар, облыстағы елді мекендерден 400 мың текше метр қар шығарылып, 22 мың тонна инерттік материалдар, 9,65 мың қап, 340 тонна жанар-жағармай қоры жасалды.
Жергілікті атқарушы органдар мен шаруа қожалықтары арасында елді мекендерден қарды шығару жұмыстарына көмек көрсету бойынша меморандумдар жасалып, келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар,  аудан әкімдіктері қауіпті аймақтардан адамдарды көшіруге арнайы 145 қабылдау орындарын, 250 палатка, 1,2 мың кереует және 4,4 мың төсек жабдықтарын дайындап қойғанынан-ақ облыстың табиғат апатын болдырмауға мықтап кіріскенін анық байқауға болады. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі бұл орйда, әрбір мәселеге мұқият назар аударуды тапсырып, басқа да міндеттерді тиянақтай түсті.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар