Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата-аналар дән риза - АРҚА АЖАРЫ

Ата-аналар дән риза

Бала тәрбиесі – уақыт пен заман талғамайтын  жауапты міндет. Сондықтан да, қандай ата-ана болмасын, ең алдымен ұрпағының салауаттылығы мен сауаттылығына ерекше мән беруі тиіс. Көкшетау қаласындағы «Қуаныш» балабақшасының қызметі мен игілікті істері балаларын осы мекемеге сеніп тапсырған әр ата-ананың аузынан түспейді.

Ата-аналардың алғысына бөленген, балаларының қуана келетін мекеніне айналған балабақшадағы тәрбиешілерге ата-аналардың айтар алғысы шексіз. Өзіңнің емес, өзгенің баласына мейірімділікпен қарап, тәрбиелеу үшін әрине, үлкен жүрек, сезім, шыдамдылық керек болатыны түсінікті.
Бала тәрбиесін өзінің міндетіне алып, бір бала емес, топтағы бар баланың тілін тауып, көңілінен шығу оңай шаруа емес. Осы балабақшадағы «Сұңқар» ересек тобының тәрбиешілері  Жанар Таңатарқызы, Гүлдәурен Мұратхан апай өздерінің бар білімі мен біліктіліктерін аямай, әркез ата-аналардың көңілінен шығып отырады.
Мерекелік сағаттар мен арнайы
жиындар кезінде балаларымызды осындай шараларға тамаша дайындайтыны сонша, өз сәбилеріміздің бойындағы білмейтін қасиеттерін танығандай риза боламыз. Әсіресе, тіл дамыту, көркем әдебиетке, жалпы қазақ тіліне көп көңіл бөлетінін біз күнделікті балаларымыздың сөзінен жақсы білеміз, өйткені бала дегенің бар шындықты, көргенін жасырмай айтады. Жыл он екі айда балаларымыздың сенімді қорғаны, ақылшысы әрі тәрбиешісі бола білген, бүгінгі таңда білімді де парасатты ұрпақ тәрбиелеп, олардың баянды да бақытты болашақтары үшін еңбек атқарып келе жатқан балабақшаның ұжымына және «Сұңқар» ересек тобының барлық тәрбиешілері мен басқа да бөлімдегі қызметкерлеріне ризашылығымызды  білдіріп, алғыс айтамыз.
«Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, осындай тәлім-тәрбие алған біздің балаларымыздың болашағы нұрлы боларына сеніміміз мол.

«Қуаныш» балабақшасының
 ата-аналары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар