Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтемақы төлеу бойынша өтініштер қабылданады - АРҚА АЖАРЫ

Өтемақы төлеу бойынша өтініштер қабылданады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет теңге бағамының еркіндікке жіберілуіне байланыс-ты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшыларына өтемақы төлеу үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл арада сөз  жиналған ақшаның 35,5 пайызы көлемінде өтемақы төлеуге банк ниет білдіріп отырған тұрғын үй жинақ депозиттері туралы болып отыр. Өтініштерді қабылдау мерзімі 2016 жылдың 8 ақпанынан, 1 маусымына дейін жалғасатын болады. Жалпы, төленетін өтемақының көлемі 60,9 миллиард теңгені құрайды. Оның 24 миллиард теңгесі Тұрғын үй жинақ банкінің өз қаржысы, қалғаны Үкіметтен бөлініп отыр. Төлемдер салымшылардың есепшотына екі транш бойынша жүзеге асырылады. Бұл жөнінде бізбен әңгімесінде  аталмыш банкінің Ақмола филиалының директоры Айбас Жарқынбаев түсіндіріп берді.

 – Айбас Байтасұлы, өтемақы алудың тетігі жөнінде айтып берсеңіз және оны кімдер ала алады?
– Өтемақы 2015 жылдың 18 тамызы күні депозиті бар және жүйеде қалған салымшыларға төленетін болады. Сонымен қатар,  18 тамыздан кейін несие алған клиенттеріміз де өтемақы алады. Осылайша қаражат жинақтау есепшотына аударылады. Осы орайда,  айта кету керек мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу үшін алынған қарыз салымына өтемақы төленбейді. Өйткені,  бастапқы да мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй алу үшін жеңілдіктер қарастырылған. Бұл әр шаршы метрдің төмен болуына байланысты. Мәселен,  Астана және Алматы қалаларында әр шаршы метр 143 мың теңгеден аспайды, өңірлерде 90-100 мың теңге аралығында.
– Өтемақы алу үшін салымшы мен қарыз алушы не істеуі керек?
– Салымшының электронды сандық қолтаңбасы болуы керек. Өтемақы алу үшін 2016 жылдың 1 маусымына дейін тұрғын үй құрылыс жинақ келісімшартына қосымша келісім жасауы қажет. Сондай-ақ,  банктің бөлімшесіне бармай-ақ www.egov.kz порталы арқылы www.hcsbk.kz сайтындағы арнайы жеке кабинеті арқылы салымшы қосымша келісім жасай алады. Өтемақы алу бойынша қосымша келісімге облыс және аудандардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қол қоюларына болады. Егер сұрақтар туып жатса арнайы 300 телефон нөмірі (ұялы телефоннан тегін) арқылы хабарласа алады.
Осы орайда,  қосымша келісімге қол қоюға уақыт жеткілікті,  процедуралар онлайн режимде өткізілгендіктен бөлімшелерде қарбалыс байқалмайды. Бүгін күні 1750 салымшы өтемақы алу үшін келісімшартқа қосымша келісім жасады. Банктің Ақмола облысындағы филиалында өтемақы алатын барлығы 18,3 мың салымшы бар.
– Егер салымшының электронды сандық қолтаңбасы болмаса қайтеді?
– Біздің барлық салымшыларымызда жеке сәйкестендіру нөмірі бар, сол арқылы салымшы жеке төлқұжатын көрсету арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық сандық қолтаңба алуына болады. Осылайша  біздің салымшы өтемақы алу бойынша уақытты үнемдейді және кепілге қол жеткізе алады.
– Сіз өтемақының көлемін айта аласыз ба? Салым көлеміне байланысты шектеу бар ма?
– Өтемақының көлемі салымының көлеміне байланысты 35,5 пайызды құрайды. Бірінші транш 19,2 пайыз биылғы жылы төленеді. Ал, қалған 16,3 пайызы 2017 жылы өтеледі. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы салымшыларына өтемақы төлеу үшін өз қаражаты есебінен (банктің бес жылда түскен табысынан)  24 миллиард теңгені жұмсауды жоспарлап отыр. Ал, 36,9 миллиард теңгені республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделген. Салым көлемі бойынша ешқандай шектеу жоқ.
–  Егер доллар 100 пайызға өсіп отырса, неге 35,5 пайыз?
– Біріншіден біздің банктің клиенттері баспанаға ақшаларын теңгемен жинақтауда. Екіншіден тұрғын үй құны 2015 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 25-30 пайызға ғана өсті. Үшіншіден несие бойынша ең төмен па-
йыз. Төртіншіден мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй бағасы өзгерген жоқ және сол қалпында қалды.
– Биылғы жылы ипотека беру қалай жүріп жатыр және қандай шамада?  Өйткені, бірқатар банктердің оны тоқтатқаны белгілі.
– «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы тұрғын үй жинағы жөніндегі келісімшартына сай өз міндетін орындаған барлық салымшыларына несие береді.
Қазіргі кезде тұрғындар негізінен баспана қарызына қызығушылық танытуда. Ол клиенттің біздің банкте өзіне қажетті ақшаның 50 пайызын 3 жыл ішінде жинаған жағдайда ғана беріледі. Қалған 50 пайызын клиент 3,3 және 5 аралығындағы пайыздық төмен сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуы үшін қарызға алуына болады.
Егерде тұрғын үй сатып алуға қажетті қарыз ақша бүгін керек болса,  сізде оның 50 пайызы болса,  онда банк сізге (мерзімі 3 айдан кем емес жинағыңыз бойынша)  мерзімдік тұрғын үй сатып алуға қажетті қарыз алуды ұсынады. Оны алу үшін сіз қолыңызда бар ақшаны депозитке саласыз, ал, банк өз кезегінде қажетті ақшаны сізге 100 пайыз береді. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық көрсеткіш бойынша 7,5-тен 8,5 пайыз аралығында болады.
–Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген
Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар