Ләззат Ысқақованың Колутон станциясындағы орта мектепте аспазшы болып істеп келе жатқанына биыл төртінші жыл.
Бесаспап маман өз жұмысында оқушылардың күнделікті тамағы дәмді де сіңімді болуына үлкен мән береді. Мектеп асханасын таза ұстап, алдына келген жеткіншектерді ыстық тағам, бәліш, жұмсақ нан, түрлі тәттілер, компот және шәймен тамақтандыруда уақытпен санаспай еңбек етуді әдетке айналдырған.
Еңбекқор жан сонымен бірге жұбайы Бейсенмен екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсірген ардақты ана. Бес немерелері де көңілдерін қуанышқа бөлеуде. Жеке кәсібін ұйымдастырған өз ісінің шебері алдағы уақытта да жұмысын мүлтіксіз атқарып, ұстаздар мен оқушылар сенімінен шыға түсуді басты мақсат санайды.
Астрахан ауданы.
Суретте: Ләззат Ысқақова өзі тамақтандыратын жас жеткіншектермен бірге.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.