Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанада ән шырқаған - АРҚА АЖАРЫ

Астанада ән шырқаған

«Бір ұлтты танып-білгің келсе, оның өнеріне, мәдениетіне жақын бол» деген халық даналығы текке айтылмаған екен. Осы орайда, халқымыздың бай мәдени мұрасы, оның ішінде әсерлі әніміз, аққудай әсем биімізге, қолөнерімізге қызығушылық танытып жүрген өзге ұлттың өкілдері аз емес. Облысымыздың  қай қаласына, ауданына бара қалсаңыз, қазақша әндерді айтып, ұлттық билерді билеп жүрген өзге ұлттың өкілдерін таба аласыз. Ауданға барған іс-сапарымызда біз де Софья Шевченко есімді сондай өнерлі жанмен танысқан едік.

 

Кейіпкеріміз жұмыс істейтін ғимараттың баспалдағынан көтеріле бергенімізде естілген Абайдың «Көзімнің қарасы» әні бізді бірден ерекше күйге бөлеп, ән әлеміне елтіп әкеткендей болды. Осы керемет әуенді бұзбайық деп, Софьяның ән айтқан сәтін алыстан ұзақ уақыт тамашалап тұрдық. Түріне қарап оны украин қызы демесеңіз, қазақша тамылжыта ән шырқағанда дауысында бір мін жоқ. Оның мемлекеттік тілде ән орындау мәнері өзіміздің қазақ эстрадасында жүрген әншілерімізден еш кем түспейді.
Алыстан біздің келгенімізді көзі шалған кейіпкеріміз қасымызға жақындап, өнер жолы жайлы біраз әңгіме бөлісті. Оған әншілік өнер ата-анасынан  дарыған екен. Әкесі Сергей Викторович «Балуан Шолақ» атты қазақ халықтық аспаптар оркестрінің құрамында баянда ойнаса, анасы Татьяна халқымыздың ертеден келе жатқан әндерін үлкен сахнада айтудан бір жалыққан емес. Бұған қоса, марқұм атасы мен әжесі де кезінде өнердің осы түріне жақын болған, оның үстіне қазақ тілін жетік білген көрінеді. Осы кісілердің тәлім-тәрбиесін алған жанның қазақ әндеріне сүйіспеншілігі оянбауы мүмкін емес, әрине.
Тәлім алу демекші, Софья Сергеевна  Ресей Федерациясындағы Челябинск музыкалық академиясының түлегі. Бізбен әңгіме барысында дарын иесі кезінде өзіне ұстаздық еткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкембаева жайлы жылы лебіздерін білдірді.
– Бойымдағы дарын ата-бабамнан берілген шығар, алайда менің әнші болып қалыптасуымда Шолпан Базарқызының еңбегі зор. Бұл тамаша жан маған әнді қалай дұрыс айту керектігін бүге-шүгесіне дейін үйретті. Сондай белгілі өнер адамдарымен достық қарым-қатынаста болғаныма  тағдырыма ризамын, – деді ағынан жарылып.  
Жастайынан әнге құмар Софьяның табиғи дарыны арқылы қол жеткізген жетістіктерін тізбектеп айта беруге болады. Ал, солардың ішінде әншіні зор қуанышқа кенелткен сәті «Қазақша караокэ – 2012» байқауында бас жүлдені иеленуі. Бірер жыл бұрын облыстық «Абай оқуларына» қатысып, ол жерде «Көзімнің қарасы» әнін орындап, дипломмен марапатталған. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығына орай, Астана қаласында ұйымдастырылған концертте оның тамаша дауысына еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған қазақстандықтар да тәнті болған еді.
– Сазгер Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ», Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Куә бол», Отан, туған жер тақырыбындағы әндерді айтқанда ерекше сезімге бөленемін. Шіркін, әннің құдіреті деген осы ғой. Өмірімді музыкасыз елестете алмаймын. Ол менің жанымның бір бөлшегі іспеттес. Өз шәкірттеріме де әнді жақсы көруге, құрметтеуге үйретемін, – деді осы күні аудан орталығындағы балабақшалардың бірінде музыкалық жетекші болып еңбек етіп жүрген ол. Өнер жолымен, ұстаздық жолды қатар алып жүрген еңбекқор жан сабақтарын қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Украин қызының қазақшаны орташа деңгейде меңгеруіне жер-жерде ашылған тіл оқыту орталықтары көп көмегін
тигізген.
Ауданда ұйымдастырылатын ешбір мерекелік шара Софьясыз өтпейді. Оның бірлікке, татулыққа бастаған әні көпшіліктің көңілін жадыратып, достықтың мәнін ұғындырады.

Венера ЕСҚАҚОВА.

Суретте: қазақ әндеріне құмар Софья Шевченко (сол жақтан үшінші) өз ұжымымен бірге .

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар