Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір үзім нан мен жылы құшақ - АРҚА АЖАРЫ

Бір үзім нан мен жылы құшақ

Достық үйінде өткен облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдени шарасында кезінде Қазақстанға күштеп көшірілген өзге ұлт өкілдері өздеріне қолұшын созған қазақ халқына үлкен алғыстарын айтты.

 

1944 жылдың ақпанында шешендер, ингуштар, балкарлар, карашайлар, кәрістер, поляктар, немістер тәрізді КСРО-ның өзге де ұлыстары Орта Азия мен Қазақстанға қатыгездікпен көшірілгендері белгілі. Олардың бұрынғы тұрған елді мекендеріне оралуға құқы болмады. Еліне қашқандарға қылмыстық іс қозғалды. Облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Герихан Яндиев сөз сөйлеп,  Ішкі істер халық комиссариатының мыңдаған офицерлері мен солдаттары таңғы сағат алтыда бейбіт тұрғындардың үйлеріне баса көктеп кіріп, автоматпен ұрып-соғып, алаңға қуып шыққанын, зәрелері ұшқан жұрттың Отан қорғаушылардың бұл ісіне түсінбегенін айтты. Орман мен тауға қашқандарды халық комиссарлары ұстап алып, атып тастаған. Зейнеткер Герихан Точиев те қайғы-қасірет әкелген сол бір ауыр жылды есіне алып, өздерімен бір үзім нанмен бөліскен қазақ халқына алғысын
білдірді.
Ақпанның соңында 478479 адам эшелонға отырғызылса, оның 91 мың 250-і ингуш болыпты. Жолшыбай өлгендердің саны 37 мың адамды құраған. Тасымалдауға қолайсыз таулы жерде тұратын «Хайбах» елді мекеніндегі жеті жүзге жуық тұрғынды тірідей жағып жіберген. Шешен-Ингуш АКСР Кеңес Одағы картасынан жойылып, жері көршілес елдерге бөлініп беріліпті. Ресейдің барлық соғыстарында вайнахтар ерліктің үлгісін көрсеткен. Бірінші дүниежүзілік соғыста Корнилов басқарған вайнахтардың жабайы дивизиясы талай жеңістерге қол жеткізіпті. Ұлы Отан соғысында 156 шешен мен ингуш Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Бірақ, оларға бұл атақ берілмеді. Адамдар тиран, заманы бітетініне, Отандарына оралатынына сенді. Саяси қылмыстың құрбаны болғандарын түсінді.
Сталин қаза болғаннан кейін бұрынғы автономиялық республика қайта құрылды. Солтүстік Осетияға берілген жерден өзгесі қайтарылып берілді. Вайнахтар өздерінің қиын тағдырына қарамастан, тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалды.
  «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов өз сөзінде бүгінгі таңда Қазақстан өткен қайғылы оқиғаларды еске алып, азаматтық қоғамның жаңа моделін құрып жатқанын атап өтті. Тарихты саралай келіп, бұл тақырыпты саясиландырмауымыз қажет. Аштық, күштеп қоныстандыру және жаппай адамдар өлімінің себептері кеңестік тәртіптің қатігез саясатынан болды. Қуғын-сүргіннің басты күнәһары – адамгершілікке жатпайтын тоталитарлық жүйе. Барлық қиындыққа қарамастан, қазақ халқының қонақжайлылығының арқасында күштеп қоныстандырылғандар Қазақстанда жаңа өмірін тапты. Қазақтар өзге ұлыстарға да қолұшын созды. Шараға қатысқандар қазақтың адамгершілігін және арадағы достықты мақтан тұтатындарын жасырмады. Мәдени шараны шешен мен ингуштардың ұлттық әндері мен билері ажарландыра түсті.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар