Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі қауырт шақ – айрықша назарда - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі қауырт шақ – айрықша назарда

Кеше облыстық әкімдікте өңір басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кеңесте бірқатар ағымдағы мәселелер қаралды. Облыс әкімі ерекше назар аударған маңызды мәселенің бірі – көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары.

Өңір басшысы барлық қызмет түрлеріне осы бағыттағы жұмысты ерекше назарға алуы қажеттігін атап тапсырды.
Облыс аумағындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде. Су тасқынының алдын алып, тиісті шаралар қолдану үшін облыстық жедел штаб құрылған. Өткен жылдардағы су тасқыны орын алған жерлерді ескере отырып, сараптама жүргізе келе, 16 қауіпті учаскені бақылау ұйғарылды. Олардың қатарында облыстағы ірі су көздері мен өзендер бар (Коко, Жабай, Сарықамыс, Талғара, Жыланды, Есіл, Қылшақты, Колутон, Шағалалы, Нұра, Қайрақты, Қызылсу, Жолболды және Бақсұқ).
Қалалар мен аудан әкімдіктерінде су тасқынының алдын алу шараларына қажетті қор ұйымдастырылып, 139,3 миллион теңге жинақталған. Оған қоса, облыстық әкімдік қорында 320 миллион теңге бар.
Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынына қарсы іс-шараларға сараптама жүргізуде. Облыстың елді мекендерінен 400 мың текше метр қар шығарылып, 35 мың тонна инертті материалдар, 400 тонна жанар-жағармай дайындалып, 11 мың дана қап сатылып алынды. Жекелеген аудандарда қазір қар шығару, арықтың бойын, су өтетін жүйелер мен құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.      
– Аймақтағы барлық қауіпті учаскелерді мұқият назарға алу қажет. Барлық ведомс-тво басшылары қазірдің өзінде қауіпті аймақтарға барып,  алдын алу шараларының қандай деңгейде атқарылып жатқандығын өз көздерімен көріп бақылағандары дұрыс, – деп тапсырма берді аймақ басшысы. Мұнан соң Сергей Кулагин 2016-2017 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысына тоқталды. Үстіміздегі жылдың сәуір айының 25-і күнінен бастап келесі жылу беру маусымына дайындықты бастауымыз керек. Оған дейін барлық мүдделі қызмет түрлері өздерінің жобаларына пысықтаулар енгізіп, жылу беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарын белгілегендері абзал. Бұл жұмыс барлық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің бақылауында болсын. Біз барлық әлеуметтік нысандардағы жаңа жылу беру маусымына дайындықты үстіміздегі жылдың 25 тамызына дейін аяқтап шығуымыз қажет.  
Кеңес барысында өңір басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік іс-қимыл шеңберіндегі сала жұмысының барысын талқылады. Кеңес соңында облыс әкімі апта барысындағы жұмыс кестесін пысықтады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар