Жиналды құт мекенге түрлі ұлттар,
Украин, татар менен кәріс те бар.
Бәрінің қалайтыны достық, бірлік,
Тәуелсіз Қазақстанын мақтан тұтар.
Болса да ұлтым – өзбек, жаным – қазақ,
Тілеймін мен еліме береке, бақ.
Құдайым ынтымақтан айырмасын,
Жерімде той мен думан тыйылмасын.
Қашанда ортақтаспыз елдік іске,
Жанымыз жақын тұрар ізгілікке.
Көпұлттылық негізгі күшіміз боп,
Әрқашан ұмтылайық біз бірлікке!
Татулықты жырлайық, ән қылайық,
Көз тартар жарасымды сән құрайық.
Қазақстан танылып күллі әлемге,
Бірлігіміз жарасқан ел болайық.
Қазақстан мекені ынтымақтың,
Татулықты тереңнен тартып жатсың.
Аяулы жырға қосып асқақ Отан,
Өзіңді мақтан етіп шалқымақпын!
Алыс кетсем сағынып күтермісің,
Атыңды аспандатып өтерім шын.
Достарына құшағын айқара ашқан,
Қазақстан, бірліктің мекенісің.
Қазақстан сән құрып, жасарады,
Бақ-ырысың көл болып тасыр әлі.
Әлем сүйген достықтың символы боп,
Қазақстан – Ұлы Отан, жаса мәңгі!
Сардор КӘРІМҰЛЫ.
Шортанды ауданы.